5 қаңтар күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен «Қадыр Мырзалиевті оқимыз» атты акциясы аясында "Өлеңнің тау тұлғасы - Қадыр ақын" атты дауыстап оқу марафоны өткізілді. Мақсаты: ақынның шығармашылығын насихаттау. Шараға «ЖадиАрт» би тобының қатысушылары, Бөрлі Мәдениет үйінің саз жетекшісі Суханова В.С. қатысты. Шара барысында кітапханашы Тойданова А.М. оқушыларға «Өлеңге мырза-өмірге ырза» атты кітап көрмесін таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Қатысушылар Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін мәнерлеп оқыды.