2022 жылдың 13 қыркүйек күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында Бөрлі ауылдық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының әдіскері Уркинов М. бірге "Саяхатшы кітап" жобасы аясында Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" хикаяты бойынша "Қызықты балалық шақ сыйлаған Қожа" атты әдеби квест ойыны өткізілді. Шараға Бөрлі колледжі студенттері мен Бөрлі #1 ЖББОМ-нің 11- сынып оқушылары қатысты. Шараның мақсаты: Б.Соқпақбаевтың шығармашылығын насихаттау.Квест ойының шарты негізінде кітапхана ішінде «Менің атым Қожа» кітабы бойынша  сұрақтар жасырылды. Қатысушылар сол сұрақтарды тауып, 1-ші болып мәреге келу керек. Квест ойынының қорытындысы бойынша 11- сынып оқушылары жеңіске жетті.