2022 жылы 16 наурыз күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Қазақтың келіндері – ай!» атты келіндер сайысы өткізілді. Мақсаты: Жанұядағы ата – ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым - қатынасты нығайту. Ұлттық салт – дәстүрімізге байланысты келіннің орнының ерекше екендігін, от басының ұйтқысы екендігін ұғындыру. Келінге немесе болашақ анаға деген сыйластықты ояту, ананың өмірге деген маңыздылығын ұғындыру.

Сайыс 6 бөлімнен тұрды:                                  

-«Тегін білу – тектілік». (өзін таныстыру)

-«Тіл өнері» (жасырылған жұмбақ жауабынан мақал-мәтел айту)

-« Үй тапсырмасы» (Бауырсақ пісіріп әкелу)

һ-«Нан жаю» (Жақсы келіншектің үш белгісі бар: жүзінде күлі, қолында  

һоқтауы, тілінде тоқтауы бар демекші кім жақсы нан жая алады екен?)

һ-« Қазақтың салт-дәстүрі бойынша сұрақ – жауап»

-« Өнерлінің өрісі кең» (Өнер көрсету)

Келіндер сайысқа белсене қатысып, өнерлерін паш етті. Сайыс қорытындысы:

І – орын - Мажитова Бақтыгүл Темірболатқызы

ІІ – орын - Уксукбаева Нургуль Кайсаровна

ІІІ – орын - Алтыбаева Наргиза Кыдырсиыққызы, Қарасаева Іңкәр Серікқызы

Алғыс хат - Еркін Айгерім Қабылқызы, Сәрсенбаева Бахытжан Саматовна