2022 жылдың 24 мамыр күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай  «Қазақ халқының ұлы көсемі» атты библиокеруен ұйымдастырылды. Мақсаты: А.Байтұрсыновтың шығармашылығын насихаттау.  Библиокеруен Бөрлі ауылдық округі әкімдігі, Бөрлі мәдениет үйі, «Арман» бөбекжайын қамтыды. Шара барысында кітапханашылар А.Байтұрсыновтың өмірбаянына тоқталып өтті. Жазушының шығармашылығы насихатталды.