1 наурыз күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының жанынан ашылған коворкинг орталығында Батыс өңірінің халық композиторы Дина Нұрпейісованың 160 жылдығына арналған «Ұлттық музыканың саңлағы» атты әдеби – музыкалық кеші өткізілді. Мақсаты: Батыс өңірінің халық композиторы Дина Нұрпейісова туралы толық мәлімет алу, өлеңдер оқу, күйді тыңдату арқылы балалардың эстетикалық талғамын ояту, шығу тарихын әңгімелеу. Қатысушылар саны: 10. Кітапханашы Тойданова А.М қатысушыларды Дина Нұрпейісованың өміржолымен таныстырды. Дина Нұрпейісова туралы бейнеролик көрсетілді. Оқушылар Дина Нұрпейісованың «Тойбастар», «16 жыл» атты күйлерін ойнады. Сонымен қатар Дина әжеміздің орындауында «Науысқы» күйі бейнеролигі көрсетілді. Кітапханашы оқушыларды күйлердің шығу тарихымен таныстырды. «Күй анасы – Дина Нұрпейісова» атты кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды. Шараның соңында оқушылар өз қоржындарынан әртүрлі күйлер орындап берді.
https://burlin-kitaphana.kz/kz/zhanaly-tar/369-dina-n-rpejisovany-160-zhyldy-yna-arnal-an-ltty-muzykany-sa-la-y-atty-debi-muzykaly-keshi-tkizildi.html#sigFreeId5eadebcbc9