11 наурыз күні Бөрлі Мәдениет үйінде 22 наурыз Ұлыстың ұлы күніне арналған «Ұрпақ азбасын, дәстүр тозбасын» атты мерекелік шара өткізілді. Шараға «Тұмар» әжелер клубы, жетекшісі Алимбаева Н.С., Бөрлі №1 ЖББОМ-нің 10 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар саны: 14. Шараның мақсаты: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, көрісу туралы ұғымдарын кеңейту. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт - дәстүрін қастерлеуге, оларды сақтауға тәрбиелеу. Кітапханашы Тойданова А. қатысушыларды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, наурыз мейрамының шығу тарихымен таныстырды. Әжелер қыз балаларға тоқуды, ұршық иіруді, жүн түтуді үйретіп,өсиеттерін айтты. Сонымен қатар «Қазақы дастархан» атты әнін орындады. Қонақтарға дастархан жайылып, наурыз көже ұсынылды. Әжелер наурыз көженің құрамымен таныстырды. Кітапханашылар қазақ салт-дәстүрлеріне тоқталып өтті. Шараның соңында бата берілді.