5 наурыз күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының жанынан ашылған коворкинг орталығында 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем Ана деген тәңірге» атты әдеби-музыкалық композициясы өткізілді. Шараға «Рябинушка» хорының мүшелері қатысты. Кітапханашы Уварова Т.М. бұл мейрамның шығу тарихын атап өтті. Бөрлі ауылының әкімі Макеев Б.Б. сөз сөйлеп, ардақты да, аяулы әйелдер қауымын 8 - наурыз мейрамымен құттықтады. Сонымен қатар кітапханашы Уварова Т.М. ардақты әжелермен әр түрлі ойындар ойнап, «Эрудит-лото» ойыны ұйымдастырылды. Шараның соңында Бөрлі ауылының әкімі Макеев Б.Б. атынан алғыс хаттар мен сыйлықтар ұсынылды.