9 ақпан күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында  Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Жырлайды жүрек» атты шығармашылық кеш өткізілді. Шараның мақсаты: Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Кітапханашы Тойданова А.М шараны ақынның өмірбаянымен бастады. «Жырлайды жүрек» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады.Сонымен қатар ақынның өлеңдері мәнерлеп оқылып, «Есіңе мені алғайсың», «Саржайлау» әндері орындалды.Шараның соңында қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.