Данқ ордендерінің толық ковалері
Ковалев Алексей Леонтьевич (1925-1997)
Батыс Қазақстан (бұрынғы Орал) облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі кентінде1925 жылдың 10 мамырында дүниеге келген. Қызыл Армияның қатарына 1942 жылдың наурызында шақырылды. Гвардия сержанты, дивизиялық барлаудың барлаушысы, 2- ші гвардиялық Богдан Хмельницкий орденді Запорожьелік атқыштар дивизиясының құрамында соғысты. Украина, Белоруссия, Польша, Германия жерлерін шайқаспен өтіп, азат етті. Берлин шабуылына қатысып, ауыр жарақат алған. Әскери ерліктері үшін сержант А.Л. Ковалев І дәрежелі Данқ (15.05.1946), ІІ дәрежелі Данқ (18.05.1945) ІІІ дәрежелі Данқ (21.12.1944), Қызыл Жұлдыз, І дәрежелі Отан соғысы (1985) ордендерімен, «Варшаваны азат еткені үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», медальдарымен, «Үздік барлаушы» белгісімен және он мерейтойлық медальмен марапатталған. 1953-1982 жылдарда кіршіксіз қызмет еткені үшін Киев қаласы Мәскеу ауданы өрт сөндіру күзеті бөлімі бастығының орынбасары, подполковник Алексей Леонтьевич Ковалев «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне ерлік еңбегі үшін» (1970) және «Еңбек ардагері» (1982) медальмен марапатталған. Жастарға әскери – патриоттық тәрбие берудегі еңбегі үшін СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет Грамотасымен марапатталған. Біздің жерлесіміз, Данқ орденінің толық кавалері Алексей Леонтьевич Ковалев 1997 жылы 7 қыркүйектің таңында қайтыс болды. Киев қаласындағы Байковое зиратында жерленген.