Киров ауылы Бөрлі ауданының оңтүстік аумағында Ақсай қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан. Шығысында Александровка ауылымен, батысында Тихоновка ауылымен, оңтүстігінде Сырым ауданымен шектеседі.

 

Көне көз қариялар айтуы бойынша қазіргі Киров ауылы орналасқан жерден бес шақырым солтүстікке қарай Қарағанды ауылы орналасқан. Бірақ қазіргі таңда ол ауылдың орны сақталмаған. Ол ауылдың байырғы тұрғындары қазақ отбасылары: Дүкен Тоқтыбаев, Кенжеғали Исимов, Шандыров, Тоғызбаев, Орал Кужасов, Сагидулин, Байниязов, Мустафиев ,Габидулин  отбасылары мекен еткен. Бұл ауылда ескіше білім беретін мешітте ауыл балаларына Габидулин ұстаздық еткен. Осы бір жәйт Шандыровтар ұрпағының айтуы бойынша жазылды.

 

1908 жылы Столиппеннің аграрлық саясатын жүзеге асыру мақсатында Украинаның Запорожье өлкесінен украина ұлт өкілдері, атап айтар болсақ олар: Шакун, Зикий, Шкляр, Балицкие, Гончар, Дорошенко отбасылары жаңа жерлерді игеру мақсатында қоныс аударды. Олар өздері орналасқан жерін Святодуховка деп атады.

 

1909-1912 жылдары ауыл тұрғындары мен қоныс аударушылар үшін оңай болған жоқ. Өйткені салған өнімдерінен  дұрыс өнім ала алмады. Бірақ тұрғылықты қазақтар мен келген украина ұлт өкілдерінің бір–біріне көмектесіп, бұл қиыншылықты да жеңе білді. 

 

Ауылда бастауыш мектеп ашылып, 50 бала білім алды. Сонымен қатар ауыл орталығында шіркеу ашылып, оның діни уағыздаушысы Урожай Михаил болды.

 

Святодуховка ауылынан азамат соғысына 15 адам қатысты. Олар: Мошко, Литовченко т.б. 1919 жылы ауылдың солтүстік-батыс бағытында  қызылдар мен ақтардың арасында ірі қақтығыс орын алды.  Шайқастан кейін ақтар көптеген қызыл әскер топтарын тұтқынға алып, қамады. Жаралыларға ешқандай медициналық көмек көрсетілген жоқ. Қамаудағы тұтқындарға  тамақ, су берілмеді. Жергілікті  тұрғындар қамаудағы тұтқындарға  жасырын тамақ, су  берді. Бірнеше күнен кейін ақказақтар ауылдан кетерде барлық тұтқындарды атып өлтірді. Жергілікті тұрғындар тұтқын әскерлерінің мәйттеріне жинап, ауылдағы жергілікті зиратта ауылдастар қабіріне жерледі.

 

1920 жылы ауылда Буденовский полкі орналасты. 1921 жылы ауылға Орыский полкі келді. Олар ауылдағы ақказактар жасақтарынан біржола тазартты. Азамат соғысы жылдары ауылда құпия комитет қызмет атқарды. Оған басшылық жасағандар: Дубовин Лука, Пенько, Ф.Бовть, Остряковтар болды. 1922 жылы ауылда түпкілікті кеңес үкіметі орнады. Ауылдың ең бірінші коммунистері: Шушура Николай, Коволенко Трофим. Бұл жылдары ауылда көптеген шаруа қожалықтары болды. Святодуховка ауылында «Гигант» колхозы құрылды. Оның құрамына 13 жақын ауылдар кірді. Бірінші төрағасы болып Акимжанов сайланды. Соғыстан күйреген елде бұндай ірі кәсіпорын ұзақ қызмет істемей алмады. «Гигантты» басқару сол кезде қиынға соқты. 1929 жылдың аяғы 1930 жылдың басында  «Гигантты» таратуы туралы шешім қабылданып, әр ауылда ұсақ колхоздар құрылды. Бұл жылдары колхоздың құрамына кіруден бас тартқандардың мал–мүліктері тәркіленді. Осы жылы Святодуховка  ауылы, колхоз Буденовка болып өзгертілді. 

 

Колхоз төрағасы Тарасенко  соғысқа дейінгі кезең 1929-1933жж.

 

1930 жылдары елдегі болған ашаршылық ауылды айналып өтпеді. Ауылдағы көптеген отбасылар аштықтан аман қалу үшін Қазақстан  станциясына, Илек, Ташла аудандарына бас сағалады. Мемлекет колхоздардың аяқтан тұрғызу үшін ауыл шаруашылық техинкаларын бөлді. Бірақ жаңа техниканы меңгерген  адам аз еді, осы талапты орындау үшін 1933-34 жылдары  Буденовкада МТС (машина тракторный станция) құрылды. МТС –қа келісім бойынша көптеген ауыл шаруашылық техникалары трактор,  комбайндар  берілді. Бұл дайын өнім алуға берілген бірден–бір мүмкіндік.

 

1934 жылы колхозда күтпеген мол өнім алынды. Ауылда халықтың   жағдайы көтеріле бастады. Соғыстың алдында Буденного атты колхозды  П.Я.Клименко басқарды. Бұл Клименко халық арасында   ұйымдастырушылығымен зор беделге ие  болды. 1941 жылы  елден  барлық ер  азаматтардың   барлығы   әскерге   алынды. Елде тек әйелдер, балалар мен қариялар қалды. Бұл соғысқа колхоз басшысы Клименко да атанып, қайтып оралмады. Соғыс кездері 300-ден астам ауыл тұрғындары шақырылып, 117 қайта оралмады. 1941 жылы күздің соңында Батыстағы тыл еңбеккерлері қоныс аударды. Олардың ішінде өзінің трактор бригадасымен бүкіл елге мәлім П.Н.Ангилина болды. Бұл П.Н.Ангилинаның отбасылық бригадасы еді. Бұл бригадаға жергілікті механизаторшы әйелдер: М.Пащенко, М.Тарасенко, Е.А.Лавриненко, Е.Т.Соловьева, Е.С.Дорошенко, Е.Тележенко жұмысқа алынды.

 

Соғыс жылдары егіс даласында П.Н.Ангилинаның екі бірдей  бригадасы жұмыс жасады, оның біреуінде Е.Шакун басшылық жасады. Бригада  құрамында Е.В.Галюк, П.Ф.Галюк, Е.К.Мисюра, У.П.Гергелевич, А.Х.Мановицкая, Е.П.Глушко, Е.Д.Шакун еңбек етті. Соғыс жылдары  ауылдың  ауыр  тұрмысы, әйелдер және қарттар мен жасөспірімдердің иығына түсті. Олар егін егіп, шөп шабу, шыққан өнімді жинау, мал азығын жинау, қыстан малды аман алып қалу сияқты ауыр жұмысты бір кісідей атқарды. Осы  жылдары көптеген жасөспірімдер Гурьев қаласына аэрадром салуға жіберілді. Жау батысқа шегіне бастады, 1944 жылы П.Н.Ангилина өзінің трактор бригадасымен өз Отанына қайта оралды. Бірақ жергілікті механизаторларға, тұрғындарға техикамен жұмыс жасаушыларға мол тәжірбие қалдырды.

 

1946 жылы майдан даласыннан оралған жауынгерлерден МТС–та арнайы дизерлік трактор бригадасы құрылды.  Оның басшысы  И.Е.Демченко болды. Тракторшылар: Г.Савчук, В.Богомол, И.Белозуб т.б. 1947 жылы В.Ф.Тарасенко Кеңес одағының батыры атағын алып, туған ауылына оралады. Колхозшылар соғыс кезіндегі тұралып қалған шаруашылықты, өркендету үшін аянбай еңбек етті.

 

1954 жылы тың және тыңайған жерлерді игеру басталады. Оған И.А.Холод басшылық жасады. Жаңа техника алған тың игерушілер тек өздерінің колхоздарында ғана емес басқа да шаруашылықтарға жіберіліп отырды. Жалпы тың игеру жылдарында Қазақстанға Кеңес үкіметіннің  түпкір –түпкірінен 640 мың адам келді. Ал біздің ауылдың алғашқы тың игерушілері: И.И.Шешелев, А.И.Демиденко, В.Н.Швецов, В.Д.Брюсов болды.  Бұл кезде колхоз басшысы қызметін П.В.Бовть атқарды. 1958 жылы МТС –РТС (ремонтный технический станция) болып қайта құрылды. РТС-тің жетекші басшысы, тәжірбиелі механизатор К.А.Сидоренко. Ал бас механигі болып –Н.К.Зиновий; Колхоз Буденовка  МТС  буденовка құрамына кірген 13 шаруалықтардың ішінен өз техникасын  мемлекеттің берген несиесіне қарамай   сатып алған бірінші колхоз. Тың игеру жылдарында құрылыс қарқынды  дамып, отбасыларға үй салынып, техникамен, малмен қамтамасыз етілді. Теректі ауданы бойынша РТС базасында ауыл шаруашылық  механизаторлар училищесі ашылды. Бұл оқу орнында жан-жақты миханизаторлар, ауыл шаруашылық  қызметкерлері,  жүргізуші кейінен к-700  механизаторлары және аспазшылар дайындалды. Кейінен бұл оқу орыны  СПТУ-99  болып өзгертілді. 1981 жылы Ақсай қаласына көшіріліп қазіргі таңда (АТКА) СПТУ-15 өзгертілді.

 

1960-80 жылдар аралығында 2 қабатты мектеп, аурухана, монша жаңа әкімшілік ғимаратары және көптеген үйлер салынып балабақша жаңартылды.

 

Балабақша меңгерушісі М.П.Мотора болған. Ауылда ауыл шаруашылық  тұтынушылар орталығы жұмыс жасады. 1950 жылы И.С.Доля осы орталықты басқарды. 1967 жылы ауылда Мәдениет үйі ашылды. Мәдениет үйінің  алдында екі тарихи ескерткіштер тұрғызылды. Біріншісі Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерімізге арналған ескерткіш, ал  екіншісі  қоғам немесе саясаткер большевик С.М.Кировқа арналған ескерткіш С.М.Кировтың  атымен колхоз және ауылдағы орта мектеп аталды. Жоғарыда аталған құрылыс нысандарының көп бөлігі тәжірбиелі прораб, Ұлы Отан соғысы ардагері  М.Г.Ашотовичтің басшылық еткен  құрылыс бригадасының басшылығымен салынды. Сол уақытта су құбыры және Р.П.Костенконың басшылығымен  май заводы іске қосылды. Заводтың «Экстра» майы және ірімшіктердің әртүрлі түрлері экспортқа шығарылды. Сол мезгілде колхозда көптеген өзгерістер болды: егістік бригадалары бірігіп, комплексті №1,2,3 бригадалары ұйымдастырылды. Оларға М.П.Панченка, И.А.Холод, Г.П.Ганненко  басшылық етті. Ерен  еңбектері үшін және ауыл шаруашылық өнімін өндіруде қол жеткізген нәтижелері үшін көптеген колхозшыларды бүкіл одақтық ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесіне Мәскеу қаласында өткен іс-шараға шақырылып, ол жерде М.П.Панченко, П.И.Божкоға мемлекеттік наградалар,  Н.П.Дмитрук Ленин орденімен марапатталды.

 

1958 жылы Буденный колхозы Киров атына ауыстырылды. Колхоздың экономикасының дамуына тек қана жоғары өнім және  жаңа техника ғана емес, сонымен қатар өз ісінің тәжірбиелі басшылары да үлкен үлес қосты. Солардың арасында А.П.Сухинді атап өтуге болады. Ол кісі 26 жыл колхоз төрағасы болып еңбек етіп, басшылық еткен жылдар арасында колхозды миллионер  атандырды. 

 

1987 жылы  колхоз төрағасы болып П.П.Немировский сайланды. Ауылға  жаңа келген адам бірақ ауылдың көркеюін, болашағын ойлаған  басшы ретінде өзін көрсете білді. Ол болашаққа үлкен жоспарлар құрып, оны іске асырып отырды. Аз уақыттың ішінде ауылда, аң фермасы салынды, қолдауы бойынша  бір көше бойына жастарға арналған жаңа үйлер салынды. Ауылдың ортасында  парк бой көтерді. сонымен  қатар тоған жасалып оған бірнеше шабақ балық түрлері жіберілді, жеміс–жидек бағы отырғызылды. Музыкалық мектеп ашылды, екі қабатты балабақша, оның ішінде би залы мен бассейін болды. Кулинария ашылды. Сауна – моншасы салынып бірақ белгілі бір себептерге байланысты іске қосылмай қалды. Ауылды газдандыру жоба–жоспары құрылды. Мектептің үздік түлектеріне колхоз есебінен жоғары оқу орындарына гранттар бөлініп отырды. Ауылдың мәдени өміріне де үлкен мән берілді. Сол кезде В.П.Панченконың басшылығымен «Ромашка» вокальдық тобы  құрылды. Ұжым құрамына халық әндерін сүйетін және дәстүрлерін құрметтейтін көптеген мамандық иелері кірді. Олар: Н.М.Тележенко; Л.П.Панченко; Т.И.Мищенко; С.Р:Акшиева; Е.П.Белозуб,А.Г.Бовть, Л.И. Немировская, Л.Г.Клочко,А.П..Смаглая, О.С.Демченко ұлы Николаймен, З.Д.Добреля, Е.П.Карташовалар. «Ромашка» тобы көптеген аудандық, облыстық және бүкіл одақтық байқаулардың лауреаты атанды. «Ромашка» тобы Батыс Қазақстан энциклопедиясына жазылды.

 

1990 жылы жаңа уақыт. Немировскийді аудан орталығына ауыл шаруашылығы бөліміне ауыстырылды. Кеңес үкіметінің ыдырау кезеңі басталды. Өкінішке орай ауыл өңіріне де бұл қатты әсер етті. Ресейге көшу белең алды. Колхоз жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып құрылды, бірақ бұл  ауылдың қалыпты  дамуына әсер етпеді. ЖШС банкротқа ұшырап,  ЖШС  негізіне  бірнеше жеке  шаруа қожалықтары ұйымдастырылды. Он жеке  шаруашылық жұмыс жасайды, оның екеуі шөп шабумен  қатар, қалғандары  әр түрлі астық өнімдерін егеді. Ауылымызда «Исаев», «Согаян»  жеке кәсіпкерліктері жұмыс жасайды.

 

1996 жылы Киров селолық округі әкімі болып Абдрахманов Исентай Ермекгалиевич тағайындалды. Бұл жылдары жас мемлекетке, соның ішінде село әкіміне жүктелген басты міндет халықты біртұтас бірлікте ұстау болды. Ауыл халқын жұмыспен қамту қажет болды. Көші–қон саясатын тоқтату болды. Колхоз жағдайының құлдырауына байланысты ауыл шаруашылығындағы  барлық техникалар халыққа бөліп берілді. Ал ауыл әкімі ауыл шаруашылығын қалпына келтіру, әлеуметтік жағынан жұмыспен қамту, аз қамтылған отбасының жағдайын жасау, көп балалы отбасына көмек көрсету, зейнеткерлерге қолдау көрсету міндеті тұрды. Ауыл шаруашылығын жандандыру мақсатында жеке шаруашылықты дамытуға байланысты ауыл халқына үкімет тарапынан жер бөлінді. Жеке шаруашылыққа көмек көрсету үшін шетел компаниялары тартылды. 2003 жылы осы қолдаулардың алғашқысы ретінде ауыл әкімшілігінің ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді және де мемлекеттік ғимараттар қоршауға алынды. 2003 жылдары толықтай газдандыру, байланыс апараттарымен қамтасыз ету қолға алына бастады. 2007 жылы мемлекеттік «Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында су құбырлары жүргізіліп, ауыл халқы ауыз сумен қамтамасыз етілді.

 

2008 жылы Исентай Ермекгалиевич құрмет демалысына шығуына байланысты Киров селолық округіне Ақмамбетов Дастан Тлеккалиевич әкімі болып тағайындалды. Киров орта мектебі А.Г.Ганненко басшылығымен жұмыс жасайды. Ауылдық дәрігерлік амболаторияда тәжірбиелі медбике Е.А.Балецкая жұмыс жасайды. 400 адамға арналған мәдениет үйінде Н.Н.Старостенко жұмыс жасайды. Ауылымызда мектеп және ауыл   кітапханасы жұмыс жасайды.  Киров орта мектебі жанынан Тастайбекова Шынар меңгерушісі болып, толық күнге арналған шағын орталық жұмыс жасады. Ауылымызда телефон  байланысы  әрбір үйге жүргізілді.

 

2009 жылы Билайн байланыс бағаны тұрғызылып, іске қосылды. Жаңа иондық тазалау мен жабдықталған су құбыры іске қосылды. Ауылымызға жақын жерде орналасқан ауылдардан отбасылар қоныс аударды.

 

2009 жылы Киров селосында ауылдық амболатория және мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткізілді. 2011 жылы ауыл халқының көптен күткен қуанышы болып, ауылдық барлық үйлері газбен қамтылды. 2014 жылы спорттық ойын алаңы салынды. 2015 жылы ауыл әкімшілік үйі жоғары жылдамдықтағы ғаламтор өткізілді. 2016 жылы мектеп мұражайы құрылды. Тарихи-өлкетану мұражайының жетекшісі ретінде Киров мектебінің мұғалімі Е.А.Крец тағайындалды. 2017 жылдың қыркүйігінде ауыл әкімі болып Сагидулина Бибігүл Амангелдіқызы тағайындалды. 2017 жылы балалар  ойын алаңы тұрғызылды. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жерге құрмет» бөлімін насихаттау барысында ауыл тұрғындары Н.Пуковский, Е.Каримгалиев, Ж.Утегенов, И.Барадулин, А.Макаров, Б.Тулеугалиев, Б.Шакиров, А.Манукян, Ж.Сагидулиндер күз айында өз қаражаттарына ауылдағы «Солодская» су қоймасын қалпына келтірді.

 

Ұлы Отан соғыс кезіндегі тарих

1941-45 жылдары болған сұрапыл соғысқа біздің жерлестерімізде жан аямай қатысып,өз ерліктерін көрсетті.

 

 

 

 

 

Кеңес Одағының Батыры

Тарасенко Василий

Федорович

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Михаил Прокофьевич Панченко

 

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл географиясы

 

Қарағанды –Бөрлі ауданындағы ауыл, әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы –Ақсай қаласынан оңтүстікке қарай 45 км жерде, бетеге, боз басым әртүрлі  шөптесін өскен қоңыр, сортаңды – қызылқоңыр топырақты қуаң далалық белдемеде орналасқан. Жер бедері тегіс.Далалық аймақта кездесетін өсімдіктерге бай.Ауылдың бұлақ көздерінен бастау алатын Қарағанды өзені,Шыңғырлау өзеніне құяды. Ауылдың Қарағанды аталуы осы өзен бойындағы Қарағанның көп  өсуіне байланысты.

 

Онда көтеген балық түрлері сазан,қара балық,шортан,ақбұғы тағы басқа кездеседі.Қарағанды өзенінде қамыстың көп өсуіне байланысты су өте таза,жалпы өзен тіршілігіне қолайлы.Бұл ауылда емдік қасиетті бар қына ,жусан,түймедақ,тікенек тағы басқа кездеседі.Жалпы біздің ауылымыздың көшелерінде емен, қарағай,аққайың,қарағаш,шырша кездеседі.Құстардың да түрлері көп кездеседі.