Кеңтүбек ауылының іргесі 1845 жылы каланған. Онда көшпелі қазақ халқы мекен еткен. Олар мал шаруашылығымен, соның ішінде қой, жылқы, ірі қара мал тұқымдарымен айналысқан. Бұл өлкенің табиғаты мал шаруашылығына өте қалайлы. Көшпелі қазақтардың өмір жолы шамамен 1806-1907жылдар аралығы болған. 1907-1910 жылдары патша үкімі бойынша Қазақстан аймақтары Ресей мен Украина елдерінің қарамағында болған. Осылайша ауыл тұрғындары, көшпелі заманнан тұрақты орындарға мекен етті. Көшіп – қонып жүрген көшпелілер біртіндей келе, осы даланы өз тұрақты қоңыстарына айналдырды.

 

Осы мекенде қоңыс етушелерге қарай шіркеу және 40 шақты дүкен базарлары болған. 1930 жылы осы ауылдың тұрғындарын біріктіру ұжымдандыру жұмыстары басталған. Біріктіру арқасында «Серп и молот» колхозы құрылып, оның орталығы «Пролетарке» ауылы болған. Колхоздың бірінші председателі В.П.Сычев. Кохоз тұрғындарымен бірлесе отырып шаруашылықпен айналысқан.

 

Ауыл енді жанданып өркендей бастағанда соғыстың сұрапыл жылы 1941 жыл Германия фашистерінің шабуылы басталды.

 

Соғысқа ауылдың ер адамдары аттанып, ауылда әйелдер, балалар және үлкен қарт адамдар қалады. Соғысқа аттанған ауыл тұрғандарынан 78 адам оралмаған. Соғыста ерлікпен қаза тапқан ауыл адамдарына арналған, ауыл орталығынан "Ескерткіш" орнатылды. Онда Жеңіс күні барлығы жиналып ерлікпен қаза тапқарғанда гүл шоғы қойылып, тағзым етіледі. Тың иегеру жолында көптеген адамдар еңбек етті.

 

Украин, Ресей, Белорус елдерінен адамдар келді. Олардың бірі А.С.Курицин «Ленин орденнің» иегері болды. Тракторшылар ұжымының жетекшісі А.А.Ющенко «Тың еңбеккері» медалімен марапатталды. Сондай – ақ, Минзарь елді мекенінен келген Т.И.Тютюнченко, Беларус елінен келген көптеген еңбекшілер еш қиындықтан қорықпай барлық еңбек ұжымдарымен бірлесе отырып, үлкен еңбек жолын жетістіктерге жеткізді. Осылай ауылымыз бірте-бірте дамып, шаруашылыққа қажетті техникалар пайда бола бастады. Атап айтатын болсақ: бензовоз, молоковоз, трактор СТ-3, ДТ – 54 маркалары, комбайндар іске қосыла бастады. Осыған байланысты көптеген мамандарды жұмылдырды. Ауылды одан әрі көркейтуге барлығы бір кісідей ат салысты.

 

Ауылдың шаруашылығы өркендеп үлкен жетістіктерге жете бастады.

 

Колхоздың аты әйгілі болып, алдыңғы қатардан көрінді. Қиын қыстау уақыттың бәрі артта қалып, біріктірілген еңбектің арқасында колхоздың мәртебесі облыстың назарында болды.

 

Ауыл жылдан жылға көркейіп мектеп, балабақша, мәдениет үйі, шаруашылық қоймалар, шеберханалар салынды. Кеңтүбек ауылында осы жылдары Ф.В.Коваленко, Б.Н.Бекбергенов, М.И.Суюнгараев колхоз басқармалары болды. В.Д.Тарханов агроном болып жұмыс жасап, «Ленин орденінің» иегері атанды. Партия ұйымының хатшысы Юрченков А.Е және механизатор Үмбеталиев Т.А. тағы басқада ауыл еңбеккерлері «Еңбек» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар сауыншылар, тракторшілер, ұстаздар, аурухана ұжымдары, жүргізушілер т.б. марапатқа лайықты болды. 

 

Географиясы

 

Кеңтүбек ауылы географиялық табиғатына байланысты жер бетінің оңтүстік жағында орналасқан. Кеңтүбек ауылы Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданына қарасты. Ауыл аудандық орталықтан 25 км шақырым қашықтықта, ал облыс орталығынан 130 км шақырым қашықтықта орналасқан.

 

Кеңтүбек ауылының іргесінде Утва өзені су арнасы бар. Ауыл далалық бетегеде орналасқан. Көптеген дәрілік өсімдіктергеде бай. Түймедақ, алабота, күйгөті емдік шипасы бар шөптерді кездестіруге болады.

 

Топонимика

 

Шыңғырлау көлінің жақын орналасқанына ауылдың түбекте орналасуына орай Кеңтүбек деп атап кеткен. Бұл аймақта негізінен қазақтар мекен еткен. 1907 жылы Қазақстан Ресей мен Украина елдерінің қарамағына тәуелді болған соң, осы мекенге алғаш украин халықтары біртіндеп қоныс аудара бастаған. Бұл елді мекен дін қызметшісі Тихон Григорьевич Заданский атауымен аталған. Тихон Григоревич дүние салғаннан кейін Кеңтүбек ауылы «Григорьевка» атауымен аталған.

 

1960 жылға дейін Григорьев ауылдық кеңесі Теректі ауданының қарамағында болған. 1960-1992 жылдар аралығында Григорьев ауылдық кеңесі Бөрлі ауданының қарамағына өтіп, 1992-1994 жылдар арасында Бөрлі ауданының Григорьев ауылдық әкімшілігі болды.

 

1994-2003 жылдан бастап Григорьев ауылдық әкімшілігі атанды. 2003 жылдан бастап ауыл атауы түбегейлі Кеңтүбек ауылдық әкімшілігі атауына толықтай ие болды.  

 

Экологиясы

 

Кеңтүбек ауылының табиғаты тамаша. Ауасы таза жасыл желекті. Ауылға, көше бойларына көшеттер отырғызылып, ауылдың көркін келтіріп тұр. Сол отырғызылған көшеттерді күтіп, бағу Григорев орта мектебінің жанынан ашылған «Зеленый патруль» тобына тиесілі болды. Олар Кеңтүбек ауылының табиғатын қамқорлықтарына алып, ауылдағы өсіп тұрған барлық жасыл желектерді күтіп баптайды. Ауыл отрасында орналасқан демалыс саябағындағы жасыл желектерді күтіп, ондағы құстарғада қамқорлықпен қарайды. Ауыл табиғаты мен тазалығы ойдағыдай жүзеге асуда.

 

Бүгінгі ауыл

 

Бүгінгі таңда Кеңтүбек ауылында 1150 адам мекен еткен. Ауылда мектеп, балабақша, мәдениет үйі, аурухана бөлімі бар. 11 жылдық Григорьев атындағы орта мектеп бар. Мектепте 140 оқушы бар. Мектеп балаларға екі тілде білім беруде. Мектепте компьютерлік сынып және музыкалық мектеп жанынан ашылған үйірме жұмыс жасайды. Мектеп күрделі жөндеуден өткен. Осы мектептен білім алған көптеген шәкірттер, қазіргі кезде елге өз үлестерін қосып, аталмыш жоғары орындарда қызмет етуде. Григорьев орта мектебінің тағы түлегі Ж.Ғ.Лұқпанов Кеңтүбек ауылының әкімі болып қызмет етті. Мектеп түлектерінің арасында әскери, медициналық және ұстаздық салада қызмет ететін түлектеріміз көп. Ауылымыз оларды мақтан тұтады. Ауылымызда аурухана бөлімі, мәдениет үйі, екі дүкен және жеке шаруа қожалықтары өз қызметтерін атқаруда.

 

2003 жылдан бастап ауылға көгілдір отын газ тартылды. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының барлығы көгілдір отынмен қамтылған. «Таза су» бағдарламасы бойынша ауылға су құбыры да тартылды. Кеңтубек ауылында мәдениет үйі, балабақша, мектеп, аурухана бөлімі, дүкен, әкімшілік қызмет жасайды.

 

Мәдениет үйінің ғимаратында орналасқан ауыл кітапханасыда бар. Кітапхананың кітап қоры 12000 мың. Кітапхананың іргетасы 1950 жылы қаланып, оның алғашқы кітапханашысы В.А.Дуюн болды.