ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында Бөрлі жерінде тек қазақтар мекендеген. Бурла өзенінің бойындағы жатаған үйлер мен лашықтардың арасында сол өңірдің ханы Марғамбет Әнбасаровтың жалғыз ағаш үйі алыстан көрініп тұратын. Ханға қарасты 40 шақты лашық, мыңдаған малы мен ұшы-қиырсыз жайлымдық жері болатын.
Қазан төңкерісінің алдында Бөрліден 400-дей түтін болды. Ол Бөрлі болысындағы ең ірі ауыл еді. Мұндағы қазақтар мен татарлар, орыстар мен украиндар мал ұстап, бақша салатын, сауда жасайтын.
Табын-табын жылқысы, ірі қарасы, оларды бағатын он шақты малайы бар, егін салып, көкнәр өсіретін жергілікті бай Гужбедадан ауқатты адам болмайтын.
Ауылда үш кабак, Лысенконың шайханасы, шіркеу мектебі мен министрлік училище болатын. Біріншісінде екі мұғалім мен пірәдар сабақ берді. Ал 4 бастауыш және бесінші, алтыншы сыныбы бар, тек байлар мен көпестердің балалары оқитын.
Екі мектепте 150-160 оқушы болды. Алайда балалар бұл мектептерден тек сауаттарын ашып, діни білім негіздерін ғана алып шығатын.
Бүкіл Бөрлі болысына жалғыз фельдшер болды.
1917 жылы кеңес өкіметін орнату оңайға соқпады. Бөрлі ауылдың кеңесінің алғашқы төрағасы болып бұрынғы батрак Петр Логинович Дуюнов сайланды. К.П.Коржанов, Т.Кичайкин, И.Марченко, И.Жидовский, И.Сухачев, т.б. революция жолындағы белсенділер еді.
Алғашқы халық полициясының бастығы болған П.Ф.Анкудиновтың айтуынша, сол кездегі Бөрлідегі жағдай аса қиын болды. Кулактардың жағына шыққан халықтың бір бөлігі, саудагерлер қолдан келген қастандықтарын жасап бақты. Астық ұрлады, малды айдап әкетті, бүлік ұйымдастырды, әйтеуір, ақ қазақтарға қолдарынан келгенше көмектесті.
1919 жылдың көктемінде революцияға қарсы қазақтар көрілгенде, қолға түскен П.Л.Дуюновты ақ қазақтар ауылдың сыртына шығарып шауып өлтірді.
Күзде Кеңес үкіметі ауыл-аймақты ақ қазақтардан тазартып, түбегейлі жеңгеннен кейін, селолық кеңестің тізгінін К.П.Коржов алды.
1920 жылдың аяғында Бөрліде кеңес өкіметі мықтап орнықты. Бірақ жаулар тасадан оқ атуын қоймағандықтан, К.П.Коржов бастаған бандалармен күрес жөніндегі отряд құрылып, кейін ол Т.Фунтиковтың отрядына қосылып, Бөрлі ауданының аумағындағы жауды жойды.
Азаматтық соғыс пен колхоздастыру кезеңіне дейін көп өзгеріс бола қоймады. 1929 жылдан бастап ауылдың келбеті өзгере бастады. Алғашқы ұйымдастырушылардың бірі, «Гигант» колхозының бригадирі В.П.Лемешконың айтуынша, бұл колхоздың құрамына Бөрлі, Қанай, Утвин, Куйбышев, Ақрап, Карл Маркс елді мекендегі енді. Коваленко Л.И., Рублевский Г.В., Кичайкин М.Т., Девятко И.Е., т. б. колхоз белсенділері болды.
«Гигант» колхозының алғашқы төрағасы қарапайым еңбек адамы Гапотченко еді. 1932 жылы Бөрлі МТС құрылып, оны И.Сеияшин басқарды. 1935 жылы «Гигант» колхозының негізінде «Труд крестьянина», Чапаев атындағы екі артель құрылып, оларға Г. Жиздюк, В. Лемешколар басшылық етті. Чапаев атындағы артельдің 3700-3800 га жері болғанмен, техникасы болмады.
1935 жылы Бөрлі МТС 15 мың га алқаптың 8800 гектарына бидай, 3055 гектарына тары екті. МТС-тің 80 тракторы мен тіркемелі комбайндары болды. Бөрлі МТС техникалық қуаты жағынан ең алдыңғы қатарлы МТС болып есептелді.
1935 жылдың 31 қантарында КАЗЦИК Батыс Қазақстан облысының құрамындағы Бөрлі ауданының құрылғандығы жөніндегі Қаулысын бекітті. Оның орталығы Бөрлі ауылы болды.
Ұлы Отан соғыс жылдарында
Ұлы Отан соғысының басталуымен аудан тұрғындарының бейбіт өмірі үзілді. Отан үшін қиын кезеңде Қазақстандық жұмысшылар еліміздің басқа да елдердің өкілдерімен бірге неміс – фашистік басқыншыларына қарсы күреске қатысты. Соғысқа 4608 бөрліліктер кетіп, олардың ішінен 1821 – і шайқас алаңынан оралмады. 1600 астам қатысушылар ордендар мен медальдармен марапатталды. Совет Одағының батыры атағын Бөрлі ауылының тұрғыны Ф.Г.Волков және Даңқ ордендерінің толық кавалері атағын А.Л. Ковалев иеленді.
Бөрлі ауылының тың эпопеясы
Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарының тарихының да ауыл өмірінде өзіндік маңызы бар. СОКП Орталық Комитетінің Қаулысынан кейін Бөрлі МТС пасторгі Б. Трифоновты Горький қаласына іссапармен жібереді. Ол жақтан механизатор мамандар келуі тиіс болатын. Горькийде ауданның 3 МТС үшін 350 механизатордан тұратын отряд жасақталды. Алғашқы тың игерушілердің қатарында А.Е.Загуменнов, С.Д.Сонин, В.Кукло болды. Олар келісімен механизаторлар курсын ашып, жергілікті жігіттерді тракторы жүргізуге үйретті. Қатал да қатаң тың мектебінен сүрінбей өткендердің барлығы «Тыңды игергені үшін» медальдарымен марапатталды.
Колхоздың тарихында қиындықтары да қуаныштары да көп болды. Соған қарамастан, ұжым өсіп, өркендей берді, өнім өндіру артты, адамдардың өмірі жақсарды.
Кукло В., Сонин С. Д., Литвиненко Ф., Фомин
Тың жерлерді игеруге қатысып, ерлік көрсеткен адамдар үшін бұл кезең қатал мектептен өткендей болды. Тың жерлерді игеру үшін берілген медальдарды иелену адамдарға өте қымбатқа түсті.
Ауған соғысы
Ауғаныстағы соғыс тек қана өлім мен жарақаттану, психиканың бұзылуы ғана емес, сонымен бірге батылдық адалдық, достыққа үйретті. Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентімен берге В.В.Середа, В.М.Кичайкин, С.Кузембаев, Э.Бабенко қолдарына қару алып, халықаралық міндетін немесе әскері міндетін өмірлеріне қауіп төніп тұрса да орындап, халық құрметіне лайық ерлік көрсетті.
Ауыл географиясы
Бөрлі ауылдық округі Бөрлі ауданының солтүстік бөлігінде орын тепкен. Бөрлі ауылы облыстық орталық Орал қаласынан 100 км. аудан орталығы Ақсай қаласынан 36 км. жерде орналасқан. Жерінің аумағы 2192 га. Ауыл бедері көтеріңкі иректі тегістіктен тұрады, Жайық өзеніне ауыл еңкіші түсіп тұр. Жайық өзенінің жазықтығындағы орта айлық температурасы 2 градусқа төмен, ал қардың жабыны 10 күннен соң түседі. Атмосфералық жауын-шашындар мен күн жылуын қайта бөлу арқылы жер бедері топырақты қайта шығаруға ықпал етеді. Түрлі климат қалыптастырады. Бөрлі ауылының климаты күрт континентальды, құрғақ. Ортажылдық жауын-шашымның көлемі 240 миллиметрді құрайды.
Утва, Бурла, Еловатка өзендері тайыз болғанымен, көктем мезгілінде өзен сағаларында құйма шалғындар пайда болады. Кейін шалғындар жақсы шөп егісін жинауға мүмкіндік береді.
Ауыл топонимикасы
1700 жылы Утва, Бөрлі және Орал өзендерінің бір жерден құйылып орналасуына байланысты «Бөрлі» әкімшілік аудан орталығы орналасты. Бұл жер қазақ тайпасының жеті рудан тараған Табын, Тама, Байұлы мекендеген қысқы мал жайылым орны болып тарихи жазба деректерінде көрсетілген. Бұл жерде сауда саттық орындары жәрменке күндері өткізілген.
«Бурлин» атауының мәні Орал өлкесінің тарихын зерттеуі бойынша К.Данилевский және Е.Рудницкийдің (1927ж.) түрік сөзінен шыққан «бори – қасқыр» яғни «бөрі мекені». Шындығында орманды, сулы жер болғандықтан тың игеруге дейін бөрілер өте көп болды. Октябрь революциясына дейін Бөрлі ауылы Николаевск болып аталынды. ХХ ғасырдың басында Украинадан және орталық Ресей губерниясынан қоныс аударушылар осында көшіп келді.
Қосымша «Бөрлі» атауы Бөрлі ауылында орналасқан «Бөрлі» өзенінің атауымен байланысты аталған.
Қазіргі кездегі ауыл
2018 жылдың 1 қаңтарының жағдайы бойынша ауылдық округ халқының саны 4026 жанды құрайды, үйлер саны 1151.
Округте қазақ және орыс тілдерінде жалпы білім беретін 2 мектеп бар. Білім алушылар саны 541. Бөрлі ауылшаруашылық коллледжінде күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде 353 білім алушы. «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» Мемлекеттік мекемесі, 2010 жылы ашылған жалпы типтегі қарттар мен мүгедектерге арналған 50 орындық интернат үйі, ауылдық дәрігерлік амбулатория, мектеп жанындағы 100 орындық интернат, 50 орындық балабақша, 2016 жылы ашылған «Ақсұңқар» бөбекжайы, Мәдениет үйі, ауылдық модельді кітапхана, №9 өрт сөндіру бөлімі бар. 13 мемлекеттік мекемелерде 411 бөрліктер қызмет жасайды. Тіркеуге 2 ЖШС, 12 шаруашылық қожалықтары, 103 жеке кәсіпкерлер алынды.
Жеке меншік аула бойынша жүргізілген мал – құс санағының мәліметтері бойынша ЖШС, ШҚ, ЖК, округ тұрғындардың жеке шаруашылықтарында 1410 бас ірі қара, 1824 ұсақ мал, 321 бас жылқы, 45 доңыз, 2864 бас құс тіркелген.
Ағашты өңдеу цехы, жол бойындағы кафе, мал сою алаңы, көбікті бетонды блок өндірілетін шағын цех өз өнімдерін жергілікті халыққа ұсынады.
Жеке меншік тұрғын үйлердің 91% газбен жабдықталған. Сандық автоматтандырылған телефонды станциясы арқылы 1088 абонент байланыспен қамтылған. Ұялы байланыстың 4 қабылдағышы орнатылған (Билайн, Kcell, Теле-2, Актив).
2010 жылы 60 үйлі «Самал» шағын ауданы салынды. Бөрліліктер болашаққа үлкен үміт артады. Алдағы уақытта жеке тұрғын құрылысын бастау үшін 692 азаматтың өтініші тіркелген. Қазіргі таңда 95% үй газдандырылған. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2017 жылы Бөрлі ауылы ауыз суымен қамтылды.