14 шілде күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасы әлеуметтік  желілерде «Горжусь своей профессией, зову в свою профессию» атты кітапханалық сабақ, бейнеролик жариялаған болатын.

Мақсаты: оқушы бойында мамандық таңдауға деген жауапкершілік қалыптастыру, өз-өзін тану аймағын кеңейту, мамандық әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп сол бағытқа қарай бағыттау.  Сан түрлі мамандықтар бар, бірақ кітапханашы мамандығы өте қызықты да, тартымдылығымен ерекшеленеді. Жас ұрпақтың бетін кітапқа бұрып, ықыласын кітапханаға аударатын іс-шаралардың жастарға берері мол, сондай-ақ инабатты да, еңбекқор, табиғатынан зиялы, кез-келген қиындыққа төтеп бере алатын кітапханашылардың игілікті істері қоғамға әрдайым қажет.