7 ақпан күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының жанынан ашылған коворкинг орталығында  І.Есенберлиннің 105 жылдығына арналған «Қазақ тарихы көркем әдебиетте» атты білгірлер сайысы өткізілді.

 

Шараға  Бөрлі орта мектебінің 11-сынып оқушылары, қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Кабиев М.С. қатысты. Қатысушылар саны 10. Шараның мақсаты: қазақ әдебиетіне қызығушылықты қалыптастыру, өз мемлекетіне, өз халқының тарихына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ояту. Кітапханашы шараны сөзжұмбақ шешуден бастады. Сөзжұмбақтың шешімі І.Есенберлиннің басты шығармаларының бірі.  Кейін І.Есенберлин туралы «Тайны и судьбы великих казахов», «Больше чем любовь» атты бейнероликтер  көрсетілді.  Оқушылар шараға белсене қатысты. Кітапханашы жазушының қиын өміріне тоқталып өтті. «Қазақ тарихының суреткері» атты кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды. Шараны қорытындылау мақсатында сұрақ-жауап сайысы өткізілді. Шараның соңында Бөрлі орта мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Кабиев М.С. кітапхана ұжымы атынан алғыс хатпен марапатталды.