24-29 қаңтар аралығында  Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының жанынан ашылған коворкинг орталығында «Мы – умные пользователи интернета» атты қауіпсіздік сабақ, «Интернетсіз бір күн» атты әңгімелесу өткізілді.

Шараға Бөрлі орта мектебінің  3-сынып оқушылары, сынып жетекшісі Шепель А.Е., Бөрлі №1 ЖББОМ-нің 4-сынып оқушылары, сынып жетекшісі Кабиева Г.Г. қатысты. Қатысушылар саны: 30. Шараның мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау, интернет туралы толық ой қалыптастыру. Кітапханашылар «Интернет туралы не білеміз?» презентациясын таныстырып, интернет туралы шолу жасады. Оқушыларға «Қауіпсіз интернет» атты бейнеролик ұсынылды. Оқушылар интернеттің пайдасы мен зияны туралы өз ойларын ортаға салды. Кейін «Мақал – сөз мәйегі» атты  ойын ойнатылды. Сонымен қатар топтық ойындар да ұйымдастырылды. «Қауіпсіз интернет аумағы» атты кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды. Оқушылар шараға белсене қатысты.