23 қаңтар күні  Бөрлі мәдениет үйінде Бөрлі ауылдық модельді кітапханасы және мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен әйгілі ақын, балалар жазушысы Қадыр Мырза Әлінің 85 жылдығына орай «Сиқыр сазды, наз жырлы ақын» атты поэзиялық кеш өткізілді.

Шараның мақсаты: Әйгілі ақын, халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру; ақынның туындыларын әр өскелең ұрпақтың жүрегіне дарыту, бойына егу,қайталанбас туындылары мен шығармашылығы қазақ поэзиясында ерекше орын алатындығын ұғындыру, ақынның бай мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру.  Мәдениет үйінің қызметкері Алимбаева Н.С. қатысушыларды ақынның өмірбаянымен таныстырды. Шара қонақтарына ақын туралы бейнеролик ұсынылды.  Кітапханашы Тойданова А.М.  «Өлеңге – мырза, өмірге - ырза» атты кітап көрмесін таныстырып, библиографиялық  шолу жасады. Базарбаев О, Сұлтан Б, Камешова А, Бектаева А, Қолғанат А. ақынның «Табиғат», «Дұшпанға  мені балама», «Жұбату», «Батпақ», «Шындық» атты өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.   Сонымен қатар «Атамекен» әні орындалды. Шараның соңында оқушылар кітапхана ұжымы атынан мақтау қағаздарымен марапатталды.