20 қыркүйек күні № 1 ЖББОМ-нің  кітапханасында  танымал ақын , жерлесіміз, балалар әдебиетінің майталманы  Қайрат Жұмағалиевтің туған күніне орай  «Жырына жанарымен нәр жинаған» атты көрме-диалогі  ұйымдастырылды.Шараға Бөрлі №1 ЖББОМ-нің 4- сынып оқушылары, сынып жетекшісі Кабиева Г.Г., Бөрлі №1 ЖББОМ-нің кітапханашысы Ермекбаева Н.А.,Бөрлі Мәдениет үйінің директоры  Мықтыбаев Т.Ж., домбыра үйірмесінің  жетекшісі Мықтыбаев Ж.А. қатысты. Қатысушылар саны 21.Кітапханашы оқушыларды «Жырына жанарымен нәр жинаған» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Жерлес ақынымыздың өмірбаянымен таныстырып, «Маралдың сұрақтары», «Менің замандастарым», «Кім ойлап тапқан?» атты т.б. өлеңдері оқылды.  Соңымен қатар оқушыларға Қ.Жұмағалиев пен Ә.Жұмабаевтың  қазақ тіліне тәржімалаған А.Дюманың «Граф Монте - Кристо» кітабы көрсетілді. Шараның соңында  Мықтыбаев Ж.А. домбырамен Қайрат Жұмағалиевтің  сөзіне жазылған «Анашым» әнін оқушылармен бірге орындады.