13 қыркүйек күні  Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының жанынан ашылған коворкинг орталығында «Об опасности в сети» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға  Бөрлі орыс мектебінің 4-сынып оқушылары және «Компьюник» клубының мүшелері, сынып жетекшісі Федорова И.А. қатысты. Қатысушылар саны: 17.  Кітапханашы Уварова Т.М.  оқушыларды ең алдымен дөңгелек үстелдің мақсатымен  таныстырды. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылып, талқыланды.  Кейін балаларға «Безопасность в сети Интернет», «Безопасность в интернете и социальных сетях», «Правила поведения в сети интернет» атты бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар балалар үйден дайындап келген шағын баяндамаларын оқыды.  Көптеген жағдаяттар айтылып, талқыланды. Шараның соңында «Расшифруй свое имя» атты ойыны ойнатылды.