10 қыркүйек күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының жанынан ашылған коворкинг орталығында  «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын насихаттау бағытында «Туған жер – киесі, дархан дарын - иесі” атты әдеби бейне кеші өткізілді.

Шараға  Бөрлі №1 ЖББОМ-нің 8- сынып оқушылары және сынып жетекшісі Муратова Н.А. қатысты. Шараның мақсаты: Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру. Туған халқымыздың әдебиетін тереңірек тануға, оны сүюге, қадірлей білуге дағыландыру. Кітапханашы оқушыларды шараның мақсатымен таныстырып,  көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері , саясаткер, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндады. «Әбіш аға, Абыз аға» атты қонақтарға деректі фильм ұсынылды. Кейін кітапханашы жазушының «Анама» атты өленің мәнерлеп оқыды. Кітапхананың тұрақты оқырманы Мағзұм Аяулым Әбіш Кекілбаевтың шығармалары бойынша байқауға қатысып, ІІ – орынды иеленген болатын. Ол өзінің ойын ортаға салды, сонымен қатар жазушының «Тасбақаның шөбі» атты шығармасының мазмұнымен бөлісті. Өзінің сыныптастарына жазушының шығармаларын оқуға ұсынды.

Шараның соңында «Заңғар тұлға Әбіш Кекілбаевқа арнау» атты бейнеролик көрсетілді.