4 қыркүйек күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының жанынан ашылған коворкинг орталығында «Қарашығанақ – өмірлік лебі» атты қызықты хабарлаушы сағат өткізілді. Шараға  Бөрлі №1 ЖББОМ-нің 7 – сынып оқушылары «Жас өлкетанушылар» клубының мүшелері және Бөрлі №1 ЖББОМ-нің аға тәлімгері Канагатова Д.С. қатысты. Кітапханашы  шараның мақсат-міндеттерімен таныстырып, Қарашығанақ кен орнының тарихымен таныстырды. Оқушылар Қарашығанақ кен орны туралы өз ойларын ортаға салды. «Қазыналы мекен» атты бейнеролик көрсетілді. Кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды.