19 тамыз күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының жанынан ашылған коворкинг орталығында «Латын әліпбиіне көшу заман талабы» атты библиокараоке өткізілді. Шараның мақсаты: Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру.Қазақ тіліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, латын қарпін үйрену. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. 

Қатысушылар саны: 12.  Кітапханашылар қатысушыларға латын қарпіне көшу туралы мағлұмат беріп, оқушылармен талқылады.  Сонымен қатар жоғарғы сынып  оқушылары флипчартқа мақал-мәтелдерді, ал бастауыш сынып оқушылары өз аттарын латын қарпімен жазып көрді. Қатысушыларға «Латын қарпі» атты бейнеролик ұсынылды. Кітапханашылар балалармен бірге латын қарпінде жазылған «Әнұран», «Атамекен», «Ана жыры», «Армандастар», «Қазақ елі» атты т.б. әндерін орындады.