9 тамыз күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының жанынан ашылған коворкинг орталығында Ұлы Абай Құнанбаевтың 174 жылдығына арналған «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты библиокараоке өткізілді.

Шараға мәдениет үйінің қызметкерлері және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Қатысушылар саны 10. Кітапханашылар «Ұлылар есімдерін қайталап» атты кітап көрмесін жасақтап, библиографиялық шолу жасады. Кемеңгер ақынның «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Сегіз аяқ» атты әндері орындалып, ақынның қара сөздері айтылды. Мәдениет үйінің қызметкері Жумағалиев Бектас Абай атамыздың сөзіне жазылған «Жаз» термесін орындады.