8 мамыр күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының жанынан ашылған коворкинг орталығында «Ер елінің қорғаны» атты ақпараттық дайджест өткізілді. Шараға Бөрлі ЖББОМ-нің 10-сынып оқушылары және АӘД мұғалімі Зубков В.Г. қатысты. Кітапханашы Уварова Т.М. «Вооруженные силы РК» тақырыбында слайд көрсетіп, оқушыларға сұрақтар қойып, талқылады. Сонымен қатар «Сильная армия – сильный Казахстан! Клип солдат», «Казахская Армия вчера и сегодня» атты бейнероликтер көрсетілді. Шараның соңында  оқушылар автоматты бөлшектеу, жинау және иықта қарудың қалпын және сапта бұрылуды көрсетті.