Жаңалықтар

Шараға Бөрлі орта мектебінің 9,10,11- сынып қыздары және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нигметова А.Н., медбике Айтжанова Р.Б. қатысты. Қатысушылар саны 11. Шараның мақсаты: Қыздың бойындағы  әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т.б. жан-жақты қасиеттерін таныта білу. Кітапхана меңгерушісі Буянкина И.Г. сөз алып, шараға қатысушыларды шараның мақсат-міндетімен таныстырды.  «Как бы вы поступили?» атты тренингін ұйымдастырды. «Қыз еркем, қылығымен қөркем» атты кітап көрмесін таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Кейін сөз кезегі кітапханашы Тойданова А.М. берілді. Кітапханашы дінге тоқталып өтті. «Дін және ұлт» атты баяндама оқылып, «О себе», «Все в твоих руках», «Утеренную честь не вернуть» атты бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылармен талқыланды.

17-24 қыркүйек күндері  22 қыркүйек  Қазақстан Республикасының тілдер мерекесіне орай «Тіл мерейі, ел мерейі» атты мәнерлеп оқу сайысы,«Жасай бер, ана тілім – қазақ тілі!» атты брейнг-ринг өткізілді.  

20 қыркүйек күні № 1 ЖББОМ-нің  кітапханасында  танымал ақын , жерлесіміз, балалар әдебиетінің майталманы  Қайрат Жұмағалиевтің туған күніне орай  «Жырына жанарымен нәр жинаған» атты көрме-диалогі  ұйымдастырылды.Шараға Бөрлі №1 ЖББОМ-нің 4- сынып оқушылары, сынып жетекшісі Кабиева Г.Г., Бөрлі №1 ЖББОМ-нің кітапханашысы Ермекбаева Н.А.,Бөрлі Мәдениет үйінің директоры  Мықтыбаев Т.Ж., домбыра үйірмесінің  жетекшісі Мықтыбаев Ж.А. қатысты. Қатысушылар саны 21.Кітапханашы оқушыларды «Жырына жанарымен нәр жинаған» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасады. Жерлес ақынымыздың өмірбаянымен таныстырып, «Маралдың сұрақтары», «Менің замандастарым», «Кім ойлап тапқан?» атты т.б. өлеңдері оқылды.  Соңымен қатар оқушыларға Қ.Жұмағалиев пен Ә.Жұмабаевтың  қазақ тіліне тәржімалаған А.Дюманың «Граф Монте - Кристо» кітабы көрсетілді. Шараның соңында  Мықтыбаев Ж.А. домбырамен Қайрат Жұмағалиевтің  сөзіне жазылған «Анашым» әнін оқушылармен бірге орындады.

13 қыркүйек күні  Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының жанынан ашылған коворкинг орталығында «Об опасности в сети» атты дөңгелек үстел өткізілді.

 10 қыркүйек күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының жанынан ашылған коворкинг орталығында  «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын насихаттау бағытында «Туған жер – киесі, дархан дарын - иесі” атты әдеби бейне кеші өткізілді.

4 қыркүйек күні Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының жанынан ашылған коворкинг орталығында «Қарашығанақ – өмірлік лебі» атты қызықты хабарлаушы сағат өткізілді. Шараға  Бөрлі №1 ЖББОМ-нің 7 – сынып оқушылары «Жас өлкетанушылар» клубының мүшелері және Бөрлі №1 ЖББОМ-нің аға тәлімгері Канагатова Д.С. қатысты. Кітапханашы  шараның мақсат-міндеттерімен таныстырып, Қарашығанақ кен орнының тарихымен таныстырды. Оқушылар Қарашығанақ кен орны туралы өз ойларын ортаға салды. «Қазыналы мекен» атты бейнеролик көрсетілді. Кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды.

20 тамыз күні Бөрлі «Арман» бөбекжайында Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала ұлағатын ұлықтау» атты  экспресс – шолу өткізілді. Шараға «Арман» бөбекжайының қызметкерлері қатысты.