Әбдісадықов А.

     Қазақ хандығы және тарихи аңыздар - Алматы:«Айғаным», 2017.

     ХV – ХІХ ғасырлар белесі -  қазақ халқының жеке ұлт болып қалыптасып, тәуелсіз Қазақ хандығы мемлекетін құрған дәуірі. Тарихшы-ғылым Алмасбек Әбдісадықовтың «Қазақ хандығы және тарихи аңыздар» атты зерттеу кітабына осы кезеңдегі тарихи оқиғалар мен ел билеген жандардың, билердің қазақ жерінің біртұтастығын сақтаудағы өлшеусіз қызметінің, батырлардың ерен ерліктерінің тарихи жыр-аңыздарда қалай  көрініс тапқаны өзек болған. Аңыздар дерегіне деген жұрттың қызығушылығың, рухани құндылықтарды пайымдау маңызды мәселеге айналып келе жатқан бүгінгі заманымызда да арта түспесе, кемімек емес.

 

 

Омарбеков Т.

      Қазақ мемлекеті: қағанаттар, ұлыстар мен хандықтар баяны – Алматы: «Хантәңірі», 2017.

     Қазақтың белігілі тарихшысы, ғылым Талас Омарбековтің

бұл жинағына қазақ халқы мемлекеттігінің негізгі болып табы-

латын – ежелгі түркі қағанаттарының тарихы жөніндегі

 зерттеу еңбектері еніп отыр.

      Автор шығарманы жазу барысында көптеген тарихи мұрағаттар мен деректерге, мәліметтерге сүйене отырып, дәйекті пікірлер келтіреді. Кітап қазақ елі тарихына қызығушылық танытатын жас зерттеушілерге, студенттер мен оқушыларға, жалпы қалың оқырман қауымға арналған.

 

 

 

      Әлем тарихындағы атышулы соғыстар: Танымдық әдебиет – Алматы, 2014.

       Великие битвы в мировой истории – Алматы,2014.

 

 

Джиенбаев С. С.

      Сотая Казахская. Подвиг под грифом «Секретно». Военно-исторический очерк. – Алматы, 2016.

        В книге ветерана войны, видного государственного и общественного деятеля Джиенбаева Султана Сулейменовича повествуется о славном, героическом пути 100-й отдельной казахской стрелковой бригады.

       Книга адресована широкому кругу читателей.

 

 

Бейсенбайұлы Ж.

        Ұлы Даланың ежелгі тарихының этномәдени теркіндері – Алматы: ҚАЗақпарат, 2017.

       Кітапта Ұлы Даланың ежелгі тарихына қатысты кейінгі жылдарда жүргізілген этномәдени, археологиялық, генеалогиялық және т.б. зерттеу нәтижелері салғастыра сарапталып, аталған алып аумақта өркен жайған байырғы мәдениеттердің иелері, негізінен, осы ұлан-ғайыр кеңістікті талай мыңжылдықтар бойы мекен еткен тұрғылықты жұрттар екендігі дәйектеледі. Олардың тас дәуірлеріндегі климаттық жағдаяттарға байланысты әр тарапқа таралу бағыттары мен сол қауымдардың кейінгі ұрпақтарының неолит, энеолит замандарында сероглазов, мақанжар, атбасар, көнешұңқыр, ботай секілді бірқатар түздік мәдениеттер аясында тіршілік кешкеніне, көптеген этномәдени нышандардың өзара сабақтас екендігіне назар аударлады. Бұл ортақ сипаттардың қола ғасырларда жалпы ұлыдалалық беғазыдәндібай мәдениетіне, Алтай, Ордос, Шығыс және Батыс Түркістан аумақтарындағы соған ұқсас құнарлы дәстүрлерге ұласқаны пайымдалады. Кейінгі сақ, хұн замандары тайпалары көбінің Ұлы Дала кеңістігінде талай ғасыр бойы қатар өмір сүріп келе жатқан арғытүрк сипатты жұрттар екендігі кейінгі жылдарда жүргізілген әртүрлі жаңашыл ғылыми қорытындылар арқылы пысықталады.

 

 

 

 Қамзабекұлы Д.

      Алаш арқауы – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы»,2017.

       ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы,профессор, алаштанушы Дихан Қамзабекұлының бұл жинағына елдік және  мемлектшілдік тарихымыздың айрықша кезеңі – Алашқа арқау болған құбылыстар, тұлғалар, ұйымдар, жиындар, ізденістер, оқиғалар туралы әр жылдары баспасөз бетіне жарияланған зерттеулері сен мақалалары еніп отыр.

        Кітап ұлт руханиятына ынтызар жалпы қауымға арналған.

 

 

Ісмақова А.

              «Алаш әдебиеттануы» - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2017.

       Әдебиеттанушы Айгүл Мұхаммедсерікқызы Ісмақованың бұл еңбегі – ХХ ғасырдың басындағы Алаш әдебиеті  мен қазақ әдебиеттану ғылымыныңұлттық көркемсөз өнерін зерделеуге арналған. Онда қазақтың асыл сөзін қастерлеген ата-баба мұралары қашаннан басталатындығы, Алаш әдебиеттану ұғымының  қалай қалыптасқандығы жөнінде туындайтын сауалдарға  жауап беріледі. Сонымен қатар кітапта Алаш ғалымдарының жалпы  ғылымғы қандай үлес қосқандығы, Алаш ғылыми мұрасының несімен құнды болатындығы жан-жақты талданады.

 

 

Бақбергенов С.

      Ақ боз атты ару – Алматы: Жазушы, 2016.

      Сәуірбек Бақбергеновтің «Ақ боз атты ару» романына қазақтың ұлы ғылымы, этнографы, тарихшысы Шоқан Уәлихановтың өмірінің соңғы кезеңіндегі оқиғалар арқау болған.

      Романда ғылымның туған халқын шексіз сүюі, оның болашағына көзқарасы және өз басының сүйіспеншілігі, жары Айсараға деген махаббаты кеңінен баяндалады.

 

 

Қалдыбай М.

     «Мен – халқымның Бауыржанымын!..» - Алматы: «Келешек» баспасы, 2017.

       Белгілі жазушы Мамымбек Қалдыбайдың бұл жаңа кітабында даңқты қолбасшы, әскери ғылымның білгірі Бауыржан Момышұлының жайшылықтағы мінез-құлқы, тапқырлығы мен шешендігі, ұлтжандылығы мен ойшылдығы, өскен орта ерекшелігі, елдік намысқа нұқсан келер жерде бет-жүзіңе қарамай айтатын турашылдығы бейнеленген. Жиырма бір жыл қоян-қолтық араласып, тәлімін көген, әрқилы жағдайдағы айтқан әңгімелерін тыңдап, көңіліне  түйген автор Баукеңнің ішкі әлемінің жұртқа беймәлім сырын мүмкіндігінше кеңінен аша түскен.

        Кітапқа енген туындылар тың, тілі көркем, оқиғасы қою, талғампаз оқырман жан дүниесін баурап аларлықтай тәрбиелік, танымдық мәні терең.

 

 

Сарсеке Медеу

     Семипалатинская трагедия – Астана: Фолиант, 2016.

   «Выданное мне удостоверение за номером 02-001916 официально подтверждает то, что я в течение 37 лет и 2 месяцев находился в зоне максимального  радиационного риска ядерных взрывов Семипалатинского полигона. Следовательно, я – живой очевидец всех печальных событий, описанных в этой книге. Руководствуясь принципом «Состоявшаяся страна историю свою записывает на скалах, отмирающая – омывает слезами», подумал: я превращусь в одного из многих самодовольных обывателей, если покину этот мир, не описав страдания, которые испытал вместе со всем народом. Такая мысль часто беспокоили меня. Именно тогда  созрела у меня идея написать эту книгу. После того, как  врачи излечили меня от тяжелой полигонной болезни, я сел за письменный стол...», - признается писатель М. Сасеке в последней главе своего документальго повествования.

        В итоге родился настоящий фолиант, названный «Семипалатинской трагедией» и основанный строго на документальных фактах, который был издан вначале на казахском, а затем и на русском языке.

 

 

Байтасов А.

         Жағрафия киелі Құранда: География в священном Коране – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2016.

         «Жағрафия киелі Құранда. География в священном Коране» атты екі тілде жазылған ғылыми еңбек Құран Кәрімнің енді-енді, кейінгі ғасырларда ғана ашылып жатқан көптеген ғылыми жетістіктерді осыдан он төрт ғасыр бұрын айтып кетуі көптеген батыс-шығыс ғылымдарын таңғалдырып, Исламға бас идіргендігін көрсетеді.

 

 

Железняков Б. А.

      Таңбалы: Жартастағы сурет өнері ескерткіші, төңірегі, табиғаты, қорық-мұражайы. Фотоальбом – Алматы:БПКА,2016.

       Алматы облысының, Жамбыл ауданы аумағында орналасқан ашық  аспан астындағы Таңбалы Мемлекеттік тарихи-мәдени және қорық-мұражайы қазақ халқының ғана мақтанышы емес, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени  мұралар тізіміне енген аса құнды жәдігерлеріміз сақталған киелі тарихи мекен. Еліміз ғана емес, шетелдерге насихаттау мақсатында альбомға тарихи мұражайдағы көптеген құнды мәліметтер енген.

 

 

Жалбағаев Е.

      Қазақтың арғы атасы кім? Номандар, сақтар, ғұндар, түркілер және қазақтар – Алматы: «Білім» баспасы, 2016.

      Кітап – әлемдік тарихи маңызы грек-рим, парсы мәдениетімен парапар, Еуразияда бірнеше империялық мемлекеттер орнатып, адамзат өркениетінің дамуына ерекше үлес қосқан түркілердің және олардың тікелей мұрагері қазақтың да тарихынан сенімді деректерге негізделген сонымәлімет береді, бірақ еңбек ресми тарих емес, мамандығы дәрігер автордың жеке көзқарасы.

     Өз елінің тарихын тереңірек білгісі келетін жастар мен ізденуші ғалымдарға және көпшілік оқырманға арналған, жатық тілмен жазылған, ой қозғайтын оқшау пікірлі шығарма.

 

 

Булекбаев С.

      «Тюркский вклад в мировую культуру и цивилизацию» – Алматы: ТОО «BAViS systems», 2016.

     В монографию вошли обобщенные материалы, анализирующие труды известных  отечественных и зарубежных тюркологов о месте и роли тюрков в мировой истории и их вкладе в мировую культуру и цивилизацию. Основной фабулой  монографии нужно считать идею о том, что казахский народ, как часть тюркского народа, исторически проживающий на просторах Великой Степи, где в основном начинались и вершились важнейшие исторические события, часто менявшие ход мировой истории, может и должен считаться одним из наследников всего тюркского народа, тюркской истории и тюркской цивилизации.

 

 

      Жамбыл. Энциклопедия – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2016.

       Халқымыздың көнеден арна тартқан ауыз әдебиетін ХХ ғасырдағы жазба әдебиетпен жалғастырған ұлы жырау, сұңғыла жүйрік, суырыпсалма жыршы, ақиық айтыскер ақын Жамбыл Жабаев – өз есімімен ұлтымыздың даңқын әлемге танытқан біртуар тұлға.

    «Қазақ энциклопедиясы» баспасы шығармашылық ұжымының күшімен дайындалып, оқырманға ұсынылып отырған «Жамбыл» тұлғалық энциклопедиясы осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат етті. Бұл кітап ұлы бабамыз бен ұрпақ алдындағы парызымыздың бір өтеуі болар деген ойдамыз.

 

 

Бақытбек С.

      Қаһарман. Герой. Книга на казахском и русском языках. – Алматы «Хантәңірі» баспасы, 2016.

       Б. Смағұлдың «Қаһарман» кітабы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығында, 2010 жылы алғаш жарық көрген болатын. Енді жұртшылықтың сұрауымен өнделіп, жаңа тұрғыдан жазылып, қайта басылып отыр. Бұл туындыны Батыр мен еліміз алдындағы есебіміз деп білуге де болды.

       Кітап қалың оқырманға арналған. Әрі батыр бабаларымыздың ерлік жолын жас ұрпақтың санасына берік ұялатуға, жастарды ойы озық, рухы берік етіп, тәрбиелеуге үлес қосары сөзсіз.

 

 

Шайхыұлы Е.

       Сандалған сауал: сатира – Алматы: «BAViS  systems» ЖШС, 2016.

       Қоғамды сатирасыз, ал күйбең тіршілікті ойын-күлкісіз, әзіл-әжуасыз көзге елестету әсте  мүмкін емес. Қазақ – қалжың-қылжаққа, қисық та қыңыр сөзге құмар халық. Оны тек көре және жаза білу керек.

Бұл сөзімізге белгілі сатирик-жазушы Ермахан Шайхыұлының қолыңыздағы кітабы дәлел бала алады. Бұл «Сандалған сауал» атты жинаққа қаламгердің соңғы уақытта жазған сатиралық шығармалары топтастырылған. Сатираның прозалық һәм поэзиялық жанрында жазылған туындылар оқырманын күлкіге қарық қылары даусыз.

      Кітап күлкі сүйер оқырман қауымға арналған.

 

 

Шайқақов Ж.

       Алтын діңгек – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2016

        Қазақстан  Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында» деп аталатын кітабында: «Мен өз халқымды сүйемін. Оның мені бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығынын мақтаныш тұтамын» деп жазғаны бар. Әкесін асқар тау, анасын мөлдір бұлақ тұтпайтын перзент болмайды. Мейлінше қарапайым, барынша кісілігі мол жандардың саясында өскен құрақ бүгін алып бәйтерекке айналса, Қазақстан сияқты іргелі елдің көшін бастаған  ұлы тұлғаға айналса, ол да асыл әке Әбіштің, аяулы ана Әлжанның жемісі. Ендігі әңгіме де осы кісілердің өмірі туралы.

 

 

Сидоркин В.

       Суретшілер әулеті – Династия художников –The  dynasty of artists  - Алматы: БПКА, 2016.

        Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді.

 

 

Солтанбаева Г.

       Мәңгілік өнер: Ою-өрнек тарихы – Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2016.

        Бұл «Мәңгілік өнер» кітабында әлем халықтарының және әртүрлі кезеңдерде ою-өрнек өнерінің пайда болуы мен дамуы қарастырылған. Қазақ халқының ою-өрнек өнерінің даму тарихы, оның классификациясы келтірілген және қазақ ою-өрнектерінің негізгі элементтерінің символикалық мазмұны айқындалған.

       Кітап киім, интерьер, графика, ландшафт дизайнерлеріне, сонымен қатар жоғары оқу орындары, колледж студенттеріне, өнер мектебі оқушыларына арналған.

 

 

 

             Ұлы даланың  қорғаушылары. Хранители великой степи. A country of great steppe –  Алматы: Тау-Кайнар, 2016.

            Аталмыш фотокітап Қазақ хандығының  құрылуының, тәуелсіз мемлекеттіктің тұғырнамалық негізі болып табылатын, Қазақстан аймағында өткен процестердің қалыптасуының тарихи сипаттамасы есебінде.

 

 

Бөкейхан Ә.

          Шығармалары Т.1 – Сочинения – Астана: «Сарыарқа» баспасы, 2016.

         Бұл том Ә. Н. Бөкейханның 1889-1903 жылдар аралығындағы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген мақалаларын, ғылыми зерттеулерін, 1897-1901 жылдары Қазақ облыстарын зерттеген «Щербина экспедициясының»  материалдарын,  Л. Н. Толстой шығармаларынан аударған әңгімелерін, өтініштерін, хаттарын және хаттамаларды қамтиды.

 

 

Бөкейхан Ә.

      Шығармалары Т. 2 – Сочинения – Астана:  «Сарыарқа» баспасы, 2016

       Бұл томда 1903 жылы мерзімді баспасөз беттерінде  жарияланған мақалалары, азынамасы (некролог), ғылыми зерттеулері (ғылыми очеркі), «Щербина экспедициясының» материалдары және Ә. Н. Бөкейхан іздеп жариялаған мұрағат құжаттары қамтылады.

 

 

Асанұлы Жұма-Назар.

           Ер Едігенің тарихы: Монография –Алматы -2016.

          Едіге батырдың тарихын кеңес тұсында жазу мүмкін  болмады. Кеңес Одағы  халықтарының достығына зиян делінді.

           Бірақ есімін біржола өшіріп тастай алмады, себебі Едігенің атақ-даңқы дүниежүзіне мәлім еді. Халық ол туралы тарихи-қаһармандық эпос тудырып, оның елуге тарта нұсқасын шығарды. Алдарыңыздағы кітапта Ер Едігенің шынайы тарихы таңбаланған.

         Монография әйгілі «Қырымның қырық батыры» циклдік жырын, қазақтың өткен тарихын білейін, зерттеймін деген мектеп оқушылары мен студенттерге, магистранттар мен докторанттарға да пайдалы.

 

 

 

Ахмади Ж.

       Софы Аллаяр: Этнографиялық әңгімелер – Алматы: «Томирис 21», 2016.

     Көрнекті  жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Алматы облысы және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Жанат Ахмадидің «Софы Аллаяр» деп аталатын бұл жинағы этнографиялық әңгімеден тұрады. Атап айтқанда «Кезенгеннің кезі» әңгімесі құтырған қасқыр талап, содан өзі құтырған адамның көшпенді қазақ даласындағы ем жасау үрдісі және ондай адам өлгенде қалай атқырылатыны сөз болса, «Абыз» әңгімесінде  қазақ халқының ұлы биі Төле, сондай-ақ, өзгеде қазы, билердің дау бітіру үлгісі бейнеленеді. Сол сияқты «Софы Аллаяр» әңгімесінде адам баласында даналықтың қалай қонып, қалай пайда болуы баяндалады.  Негізінен бұл әңгімелер шетінен афоризмдік  шешендікке құрылған.

 

 

        25 белес. Елбасының қанатты сөздері мен олардан туындаған ой-тұжырымдар. – Алматы:  Тау-Қайнар, 2016.

         Бұл жаңа жинақта Мемлекет басшысының тәуелсіздіік жылдарындағы түрлі маңызды шараларда сөйлеген сөздерінен іріктеліп алынған, өмірлік тәжірибесінен туған нақыл сөздері, жұртшылыққа танымал өміршең бастамалары, бұдан бірнеше жыл бұрын айтқан, қазір ақиқатқа айналған берекелі болжамдары мүмкіндігінше хронологиялық ретпен берілді.

     Жинақ ел тарихын қадір тұтатын көпшілік қауымға арналған.

 

 

         Бостандық жырының бозжорғасы – Астана: Фолиант, 2016.

       Көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың  лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Несіпбек Айтұлы хақында әр жылдарда алдыңғы ағалары, кейінгі інілері, заманы бір қатарластарының қаламынан туған сүбелі сөз, шынайы толғаныстар топтастырылған бұл кітап бүгінгі әдебиет сүйер оқырманға, әдебиет зерттеушілеріне  таптырмайтын құрал. Тәуелсіздік шежіресін тереңнен толғап, бүтін бір батырлар галереясын жыр тілімен сомдап, «Бостандық жырының бозжорғасы» атанған ақынның сан қырын жарқырата ашқан жинақ көпшілік оқырманға арналған.

 

 

Смағұл Б.

     Тағдыр тозағы – Ад судьбы – Алматы: «Хантәңірі» баспасы, 2016.

       Бақытбек Смағұл осы шығармасында Ауған соғысына арқау болған Арамдық пен Әділетсіздіктің бетін ашып, қанжоса іздерін, зор қиянатын әшкерелейді. Б. Смағұлдың бұл кітабын оқыған адам бейбіт күннің қадірін түсінеді.

      Туынды әскери прозаның биігіне шыққан шығармалардың бірі. Қалың оқырманға арналған.

 

 

         Әділет жұмабай: Фотоальбом – Алматы: «Айғаным» баспасы, 2016

         Бұл фотоальбомға белгілі мүсінші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Алматы қаласындағы Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіндегі «Алтын адам» мүсінінің авторы Әділет Жұмабайдың туындыларының фотокөшірмелері, әріптестерінің және замандастарының естеліктері еніп отыр.

 

 

Нарымбетов С.

       Көзімнің қарасы – Алматы: «Хантәңірі» баспасы, 2016.

       Кинорежиссер, киносценарийші, жазушы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері,  ҚР Мемлекеттік сыйлығының, тәуелсіз «Тарлан» және

 Француз Киноакадемиясы сыйлықтарының лауреаты, Халықаралық кинофестивальдердің сан мәрте жүлдегері Сатыбалды Нарымбетовтың есімі қалың жұртшылыққа жақсы таныс.

      Қолдарыңыздағы кітап С. Нарымбетовтің суреткерлік әлемін аша түседі; Жазушылық пен режиссерлікті әдемі үйлестіре алуының, яғни шығармашылық зертханасының қыр-сырын тануға; тұлға ретінде қалыптасу жолдарын зерделеуге мүмкіндік береді.

     Режиссердің киносценарийлері де топтастырылған; қазақ киносының әлемдік контекстегі орнын айқындауға бастайтын, үш бөлімнен тұратын бұл кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

 

Ералы Шоқай, Сәбит Пәрменқұл

Отырар алқабындағы қасиетті орындар. Кітап – альбом./ Е.Шоқай, С.Пәрменқұл. – Алматы: «Аспантау» 2017.

 

 

Бақытжан Ахметбек

Сыр ескерткіштері. Кітап – альбом. Б.Ахметбек / - Алматы: «Аспантау», 2017.

 

 

Бердібек Бияров

Алтай. Алтын бесік. Кітап – альбом. – Алматы: «Аспантау» 2017.

 

 

Құламанов З.

Тастағы Тараз тарихы. Кітап – альбом. - / З.Құламанов – Алматы: «Аспантау», 2017.

 

 

Көшімова Б.Ә.

Үстіртегі көненің іздері. Кітап – альбом. Б.Көшімова. – Алматы: «Аспантау» 2017.

 

 

Уық шаншылған Ұлытау: Кітап – альбом. / Құрастырушылар: Ғазиз Ештанаев, Батырбек Мырзабеков, Сара Смағұл/ - Алматы: «Аспантау»,2017.

 

 

Рысжан Ілиясова

Шежірелі Ақтөбе. Кітап – альбом./ Р.Ілиясова  - Алматы «Аспантау», 2017.

 

 

Бақыт Тасполатов

Басында Қазығұрттың кеме қалған. Кітап – альбом. / Б.Тасполатов: - Алматы: «Аспантау» 2017.

 

 

Бозық аруы: танымдық – көпшілік басылым/

Құраст: Ш.Бейсенова, Ж.Әскербекқызы. – Астана:Фолиант,2017.

 

 

Өтен  Ахмет

Шығармалары. Үш томдық. – Астана: Фолиант, 2017.

 

 

Алаш қайраткері, халық ақыны Жақсылық Төленұлы.Өмірі .Шығармалары. – Астана: «Алашорда» Қоғамдық қоры,2017.

Аталып өтілетін және еске аланатын күндер