«Тың игеру бұл жиырмасыншы ғасырдың аса зор әлеуметтік-экономикалық жобасы, оған ұқсас жоба әлем тарихында болған емес»

Н.Ә.Назарбаев

 

50-ші жылдарда тың игеруге кезеңі басталды. Тың игеру кезінде қала халқының саны екі ес өскен болатын. Жаңа «Пугачев», «Берез», «Ақсу», «Ақбұлақ», «Миргород» кеңшарлары құрылды.

 

Тың игеру Орталық Россиядан, Украинадан, Белоруссия мен Молдавиядан комсомолдық жолдамамен көптеген жастар келді. Адамдар мемлекеттік шақыруымен,өз жүрек қалауларымен кең байтақ қазақ жерін игеруге ат салысты, еңбек етті.1958 жылы Қазақстанда теңдесі жоқ элеватор салына бастады. 1956 жылы №1 орта мектеп ашылса, 1962 жылы 60 адамға арналған саз мектебі салынған болатын. Ауылдық әкімшілік мәртебесі өзгеріп, Бөрлі және Шынғырлау аудандарының бірігуіне байланысты Қазақстан қала типтік ауылы, аудан орталығына айналды. Қазақстан ауылы қарқынды өсіп келе жатырған аймақтың әлеуметтік-экономикалық орталығы екені ескеріліп, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңес Президумының 1967 жылғы 29 шілдедегі Жарғысы бойынша Қазақстан қала типтес ауылы Ақсай қаласы өзгеруге ұйғарылды.