«Бөрлі аудандық мәдениет бөлімі» мемлекеттік мекемесі Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 10 қаңтардағы  №2 қаулысымен «Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді.

 

Бөлім өз қызметінде ауданды мәдениетті және тілдерді дамыту, ауданымыздағы жас таланттарды жарыққа шығару, вокалдық, жанұялық, халық аспаптары ансамбльдерін құру, жеке орындаушыларды және дарынды таланттарды облыстық, республикалық байқауларға, фестивальдерге даярлау, аудандағы мекемелер мен кәсіпорындардағы мемлекеттік тілде іс-қағаздарының дұрыс жүргізілуін қадағалай отырып, оларға әдістемелік көмек көрсету, әртүрлі ұлттық орталықтармен тығыз байланыста жұмыс атқарады.

 

Бөрлі ауданы бөйынша Бөрлі аудандық  демалу  орталығы (құрамында 1-аудандық  мәдениет үйі және 13 селолық мәдениет үйі мен 10 мәдениет клубтары және «Достық» үйі бар),  Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі (22 кітапхана), Бөрлі Өлкетану мұражайы жұмыс жасайды.

 

Мәдениет бөлімін әр жылдарда Айтенов, Д.Шүйіншалиева, Б. Макеев, Ө.Наурызгалиева, Т.Нигметов, Б.Батырханова, А.Тржанова, З.Абдукалимова, Ғ. Шәуеновтар басқарды.

 

Қазіргі таңда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі Алпамыс Жаңабайұлы Кушкинбаев қызмет атқарады.