Бөрлі  ОКЖ директоры

Дариха Кеңесбайқызы Нұрашова

 

Бөрлі ОКЖ-де 28 кітапхана аудан халқына қызмет көрсетуде. Оның 8-і қалалық 20-сы ауылдық кітапханалар және мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету секторы, 2 ауылдық модельді кітапханалар бар. Бөрлі ОКЖ-де 123 қызметкер (оның ішінде ауылдық жерде 55 қызметкер) жұмыс істейді.

 

Бөрлі ОКЖ-нің кітап қоры - 400391дана, оның ішенде мемлекеттік тілде 96247 дана. Ауылдық жерде кітап қоры - 263776 дана болса, оның 55449 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиеттер. Қазіргі таңда аудан кітапханалары 16792 (28385 оқырман жылдық) оқырманға қызмет көрсетуде.

 

Бөрлі ОКЖ «Алтын қалам», «Қуыршақ театры», «Шетелдік оқырмандар және кітапхана», «Алтын формуляр», «Читаем с пеленок», «Оқитын Ақсай», «Бурлин читает классиков» атты кітапханалық жобаларбойынша жұмыстанады. Кітапхана жанынан құрылған 29 қызығушылық клубтары оқырмандармен тығыз байланыста жұмыстанады.

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні кітапханалар мультимедиялық басылымдар мен аудиокітаптар, халыққа кітапханалық қызмет  көрсетудің дәстүрлі түрімен қоса электрондық  жүйеге негізделген қызмет көрсету, электронды каталогтар, библиографиялық дерек қорлар жасау, интернет желісінің көмегімен ақпарат алмасу сынды қызметтерді ұсынады. Электронды басылымдар (дискі түрінде) саны - 337,  оның ішінде қазақ тілінде – 215 дана.

 

ОКЖ бойынша жалпы саны 56 компьютер, оның 20 данасы ауылдық кітапханада. 49 көшірме жасау техникалары бар, оның 21 данасы ауылдық кітапханада. Аудан кітапханалары РАБИС автоматтандырылған  кітапханалық бағдарламасымен жұмыс істейді. Электронды катологта кітап қорына келіп түскен әдебиеттер, ал библиографиялық деректер базасына мақалалар енгізіліп тұрады.

 

Қазіргі таңда интернет желісіне қосылған кітапханалар саны - 9, оның 3 ауылдық жерде орналасқан. Аудандық, қалалық және ауылдық модельді кітапханалар интернет, электронды пошта және құжаттарды электронды жеткізу қызметін белсенді қолданады. 9 электронды почта, 3 web-сайт,  11 телефон (оның ішінде 2) бар.

 

Бөрлі ОКЖ web-сайтында (aksaibiblioteka.ucoz.ru) «Туған жер» бағдарламасы аясында «Туған жер – алтын бесік» және «Рухани қазына» бағдарламасы аясында «Туған өлкем – тұнған шежірем» атты электронды мәліметтер базасы арқылы оқырмандар өлке туралы мағлұматтар таныса алады.

 

Қазіргі таңда «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда өлке әдебиеттерін электронды нұсқаға көшіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Соңғы он жыл көлеміндегі қол жеткізген жетістіктер мен табыстарға тоқтала кетсек, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальімен Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Д.К.Нұрашова, орталық балалар кітапханасы филиалының меңгерушісі Г.В.Губская және ерен еңбегі үшін «Астананың 10 жылдығы» медальімен кітапхана әдіскері С.Қ.Меңдібаева марапатталды. 2006 жылы Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК-ының ұйымдастыруымен өткен «Ауыл энциклопедиясы- «Шағын Отан» облыстық байқауына қатысып, ІІ - дәрежелі дипломымен марапатталды. 2007 А.П.Гайдар атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткізілген Шәңгерей Бөкейдің 160 -жылдық мерейтойына орай «Шәңгерейдің шұғылалы жырлары» тақырыбында өткізілген облыстық шығармашылық байқауда Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері А.Т.Мусаева І - дәрежелі дипломмен марапатталды. «Ең үздік ауыл кітапханасы» облыстық байқауында Пугачев ауылдық кітапханасы ІІ – орынға ие болды.      

 

2008 жылы «Бөрлі ауданы кітапханаларының шежіресі» атты кітапхана тарихын қамтитын кітап шығарылып, «Кітапханалар тарихының шежіресі» атты байқаудың қорытындысы бойынша Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

 

ІІІ – орынға ие болды. 2009 жылы Ж.Молдағалиев атындағы ОҒӘК және Батыс Қазақстан облыстық Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Ең үздік кітапханашы - 2009» облыстық байқауына Орталық аудандық кітапхананың жас маманы Г.Саменова қатысып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар базасында 2010 жылдың маусым айында Қазақстанмен Ресейдің шектесіп жатқан елді мекендеріндегі кітапхана кітапханашыларының қатысуымен «Кітапхана – мәдениет диалогының орталығы» атты облыстық семинары оздырылды. 2012 жылы «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы - 2012» облыстық байқауына қатысып, Қызылтал ауылдық кітапханасы ІІ орынды иеленді. Сондай – ақ, Орынбор қаласында өткен халықаралық «Оқырман отбасы - 2012» байқауына оқырман отбасы қатысып, дипломмен марапатталды.

 

2013 жылы «Ақжайық өңірінің оқырман отбасы - 2013» облыстық байқауында орталық балалар кітапханасының оқырман отбасы І орынды иеленді. 2012 жылдың 20 сәуірінде Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде мүмкіндігі шектеулі және көзі нашар көретін жандарға қызмет көрсету секторы ашылып, оқырмандарға қызмет көрсетуде. 2012 жылы Пугачев ауылдық модельді кітапханасы, 2015 жылы Бөрлі ауылдық модельді кітапханасы ашылды.

 

Бөрлі және Пугачев ауылдық модельді кітапханалары ашылып, ауылдық оқырмандарымызға жаңашыл бағытта қызмет көрсетуде. 1994-1997 құлдырау жылдары 13 кітапхана қысқартылып, жабылған. 2004 жылы Аралтал ауылдық кітапханасы, 2013 жылы Жаңақоныс ауылдық кітапханалары кері ашылып, өз жұмыстарын жандандыра түсті.

 

Қазіргі таңда Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 4 электронды адрес, 3 web-сайт жұмыс жасайды. Кітапхана сайттары арқылы кітапханаларда өткізілген іс-шаралар, жаңа әдебиеттер т.б өздеріне қажетті ақпаратпен таныса алады. Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесі түрлі республикалық, облыстық деңгейдегі байқауларға қатысып, мақтау қағаздарымен марапатталып жүр.

               

Бөрлі ауданының ОКЖ мәдени іс-шаралар өткізу барысында заманауи ақпараттық технологиялық құралдарды пайдалана отырып, жаңа форматтағы шараларды өткізу кеңінен қолға алынып отыр. Кітапханалық жобалар, бағдарламалар, акцияларды өткізу арқылы оқырмандардың санының көкжиегі кеңейіп отыр.