Нұрашева Дариға Кеңесбайқызы 1964 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы «Қызыл әскер» ауылында дүниеге келген. 1986 жылы Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институттың филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті бойынша бітіріп, ұстаздық еңбек жолын Қаратөбе ауданындағы орта мектептен бастайды.

 

Дариға өлең өлкесіне жолдан қосылған ақын емес. Ол бала кезінен – ақ өлеңге, өнерге жақын өскен. Дариғаның ақын болып қалыптасуына оның сәби кеудесіндегі бұлақтың көзін ашып, көкірегіндегі бұлқынған балауса шумақтардан телегей теңіздей жыр тасқындарын туғызуға себапкер болған ата-анасы Кеңесбай мен Халипа еді. 

 

Ақын халқының жыршысы. Елінде болып жатырған әр оқиға оны бейжай қалдырмақ емес. Ақынның «Балауса», «Гүл сезім» атты жыр жинақтары басылып шықты. Сондай-ақ, 2002 жылдың сәуір айында облысымыздың ақын-жазушыларымен бірге Қазақстан жазушылар одағының ХІІ құрылтайына барып қайтқан сапары ақынның көңіліне ереше шабыт, шығармашылық жолына жаңа бағыт-бағдар бергені сөзсіз. 

 

Дариға Кеңесбайқызы Ақсай қаласындағы «Панорама Карачаганака», аудандық «Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести» газеттерінде, Бөрлі аудандық әкімшілігінде мәдени бөлімінде бас маман, аудандық демалу орталығының директоры қызметтерін атқарды. Қазіргі таңда Дариға Кеңесбайқызы Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры қызметін атқырып келеді. Отбасында аяулы жар, екі ұлының анасы. Дариға Кеңесбайқызының «Балауса», «Гүл-сезім», «Ақ қайың» атты жыр жинақтары жарық көрген.

 

Әдебиетер

  1. Нұрашева Дариға Кеңесбайқызы: өмірдерек/Ел тұлғалары.-Алматы.:Арыс, 2011.-290 б Нұрашева Дариға Кеңесбайқызы: өмірдерек // Бөрлі ауданы: энциклопедия.-Ақсай: «Бөрлі жаршысы» баспасы, 2006.-75-76 б.
  2. Нұрашева Д. Әйел-анаға құрмет немесе бір пайыз//Бөрлі жаршысы.-2013.-16 мамыр.-16 б.
  3. Нұрашева Д. Балауса: өлеңдер.- Алматы: «Өлке», 2001.-35 б.
  4. Нұрашева Д. «Гүл - сезім»: өлеңдер.-Орал.: Дастан баспасы,2001.-40 б.
  5. Нұрашева Д. «Жыр қарлығаштары»: өлеңдер.-Ақсай.: «Сервер+» баспасы,2013.-32 б
  6. Нұрашева Д."Саяладым өлең-өмір гүлзарын...": өлеңдер// Орал өңірі.-2010.-15 шілде.-15 б.
  7. Нұрашева Д. "Ақ қайың". - Орал, 2014. - 120 б.
  8. Нұрашева Д. Оқырмандар шығармашылығы // Бөрлі жаршысы.-2008.-16 тамыз.-4 б.
  9. Нұрашева Д. Берекелі Бөрлі // Бөрлі жаршысы.-2010.-16 қыркүйек.-8 б.
  10. Нұрашева Д. Қызығам құсты көрсем қалықтаған....//Орал өңірі.-2011.-6 қазан.-10 б. Нұрашева Д. Жас келсе іске // Бөрлі жаршысы.-2010.-21 мамыр.-8 б.