Әсия Ғұбайдоллақызы Мұхитова 1944 жылы Теректі ауданының Кирсанов ауылында дүниеген келген. Алматы қаласындағы № 2 мектеп-интернатта тәрбиеленген. 

 

Өлеңді жиырма жасынан жаза бастады. Туындылары аудандық, облыстық газет беттерінде жарияланып келеді. Еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, кезінде Жымпиты аудандық «Қызыл ту» газетінде, аудандық мәдениет бөлімінде қызмет істеді. Күйшілігімен, әншілігімен және халық театрының әртісі болуымен төңірегіне танылған тұлға. 

 

Ұлы әнші-композитор Мұхит Мерәліұлының шөбересі, әуесқой ақын, ата өнерін жалғастырушысы Әсия Ғұбайдоллақызының 2007 жылы Орал қаласындағы «Ағартушы» баспасынан «Сағыныш» атты еңбегі жарық көрді. 

 

Әсия Ғұбайдоллақызы қазір Ақсай қаласында тұрады. 5 ұл, 1 қыз тәрбиелеп өсіріп, немерелерінің қызығына кенеліп отырған  бақытты ана, аяулы әже. Бөрлі ауданының мәдени өміріне атсалысып жүр. Сонымен қатар, «Ақ жаулықты әжелер» тобының белді мүшесі. 

 

Әдебиеттер

  1. Мұхитова Әсия: өмірдерек/Ел тұлғалары.-Алматы.:Арыс, 2011.-290 б.
  2. Мұхитова Ә. Сағыныш:Өлеңдер.-Орал.:Ағартушы,2007.-104 б.
  3. Мұхитова Ә. Бабам Мұхит және оның ұрпақтары туралы //Бөрлі жаршысы.-2007.-10 наурыз.- 6 б.
  4. Мұхитова Ә. Мұхит бабамның мұралары // Бөрлі жаршысы.-2008.-8 сәуір.- 4 б.