Бокаев Мұхтар Бокаевич

(1939-2016)

 

Бокаев Мұхтар Бокайұлы 1939 жылы Чешен автономиялық Республикасы, Шарой ауданы, Шихараой ауылында дүниеге келген. 1944 жылы «Халық жауы» атанып, халқымен бірге Қазақстанға жер аударылып келеді. 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Георгиев ауданы, Қасқасу ауылында орта мектепті бітіреді.

 

1958-1963 жылдары Шымкент педагогикалық институтының «Тарих және әдебиет пен тіл» факультетін бітіреді. 

 

1963-65 жылдары әскери қызметте, 1965-1982 жылдары Орал ауылшаруашылық механизациялау техникумында мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1982-1985 жылдары СПТУ-99 директоры, 1994-2005 жылдары Бөрлі аудандық мұрағат директоры қызметін атқарса, 2005 жылдан бастап зейнеткерлікке шығып, 2007 жылдан бастап Бөрлі аудандық орталық кітапханасында кітапханашы қызметін абыроймен атқарды. 

 

1963 жылдан бері жеке шығармашылығын шыңдап келеді. Аудандық, облыстық 1963 жылдан бері жеке шығармашылығын шыңдап келеді. Аудандық, облыстық және республикалық газет-журналдарда Мұхтар Бокайұлының қаламынан туындаған шығармалары жарияланып жүр. 1988 жылы «Асан ата» повесі, Грозный қаласында чешен тілінде жарық көрсе, 2006 жылы «Зезег», 2009 жылы «Последняя улыбка» атты балаларға арналған еңбегі орыс тілінде жарық көрді. 

 

Бүгінгі таңда баспада «Батырлар жыры» атты әңгімелер жинағы қазақ тілінде шығарылуға дайындалып жатыр. Жазушы, ауданымыздың Құрметті азаматы Мұхтар Бокайұлы Москва Жазушылар Одағы және Ресей аудармашылар Одағының ұйғарымымен «Маяковский» орденімен марапатталды. Зайыбы Галина Александровна екеуі Сұлтан, Нелля атты ұл-қыз өсіріп, тәрбиелеп, немерелерінің қызығына бөленіп отыр.     

 

2011 жылдан Мұхтар Бокайұлы Бөрлі аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарып келеді. Мұхтар Бокайұлы Бөрлі ауданының және Ақсай қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Халықтар Ассамблеясының мүшесі.

 

Әдебиеттер

  1. Бокаев Мухтар Бокаевич: өмірдерек // Бөрлі жаршысы.-2011.-25 тамыз.- 8 б.
  2. Бокаев М. Последняя улыбка: Рассказы.-Орал.:Дастан,2009.-96 с.
  3. Бокаев М.Зезаг:Рассказы.-Орал.:Дастан, 2006.-106 с.
  4. Бокаев М.Башлам:Рассказы.-Орал.:Дастан, 2007.-102 с.
  5. Бокаев М. По духу я  - казах!// Бөрлі жаршысы.-2012.-11 сәуір.-С.6.
  6. Бокаев М.Старик и золотая рыбка// Бөрлі жаршысы.-2009.-18 қырқүйік.-С.4.
  7. Бокаев, М. Түйе // Бөрлі жаршысы.-2010.-6 тамыз.-6 б.
  8. Бокаев, М.Менің Отаным – Қазақстан! /Бокаев,М.//Бөрлі жаршысы – Бурлинские вести.- 2009.-18 қыркүйек.-5 б.