«Қазақ жерінің құрметті адамдары»

кітабына ұсынылған Бөрлі ауданының еңбегі сіңген азаматтары:

 

 

1. Богатырев М.И.

 

2. Дроздов Н.П.

 

3. Есентурлиев Ж.А.

 

4. Испамбетов Г.С.

 

5. Землянов П.Н.

 

6. Имашев Ж.А.

 

7. Кириенко В.И.

 

8. Скобочкин Ф.Ф.

 

9. Токпанов Н.Е.

 

10. Фокин Ю.П.

 

Қазақстандағы әйелдерден шыққан тұңғыш заңгер:

 

1. Балпеисова М.Б. –Қазақ ССР Әділет министрінің орынбасары

 

Қаз ССР Жоғары Кеңесінің депутаттары

  1. Қадырбекова Р.Х. –Приурал селосы
  2. Мирошниченко Н.В. – Григорьев селосы
  3. Забильская М.А. – Александров селосы

 

Бөрлі ауданынан шыққан министрлер:

 

1.Мұртазаев М. ҚазССР-нің Түстіметаллдар министрі

 

2 .Шокпутов А.М. ҚазССР-нің Экология министрі

 

3.Айманов К.- ҚазССР-нің Халық ағарту ісінің министрі

 

Бөрлі ауданынан шыққан ғылым докторлары:

 

1. Киянский Виктор Владимирович техника ғылымының докторы

 

2. Құдайбергенов Ғалым –ауыл шаруашылығы ғылымының докторы

 

3. Кенжәлі Айманов- Бөрлілік майдангер министр

 

4. Камалов Сухан Мақсотұлы

 

Бөрлілік майдангер министр

 

Кенжәлі Айманов 1917 жылы Бөрлі ауданының ауылында дүниеге келген. Жастайынан жетім қалып, немере ағасы Әділгерейдің қолында өсті. Руы кердері. Жастық шағы қиын жағдайда өткен. Осыған қарамастан оқып білім алған. Қарашығанақ орта мектебінде оқыған. Жақсы оқыған, соғысқа дейін Алматының Қазақ педагогикалық институтына оқуға түсіп, үздік дипломмен 1937 жылы бітіріп шыққан. Жолдамамен Қызылорда облысында жіберіліп, Қазалы қаласында мұғалім, мектеп директоры қызметін атқарған. 1939 жылдан бастап әскери  қызметте болды. 

 

К.Айманов Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер. 1949-63 жылдарда өзі оқыған ҚазПи-ге жұмысқа ауысып, физика кафедрасын басқарған. 1963-71 жылдарда ҚазақКСР оқу министрі, ал 1971-74 жылдарда қазақ КСР жоғарғы және арнаулы орта білім министрі  болып жұмыс жасады. Қ Айманов ғалым, көптеген ғылыми еңбектердің авторы,оның негізгі ғылыми еңбектері орта мектепте физика пәнін оқыту мәселелеріне арналған. Біздің Бөрлілік жерлес, Марқұм Кенжәлі Айманов Қазақстанда халық ағарту саласында ұзақ жыл жемісті еңбек етті.

 

Ленин, Қызыл ту,  басқа да орден, медальдармен марапатталған.  Бөрлі топырағынан түлепұшқан, жоғары білімді ғалым, қоғам қайраткері, оқу министрі дәрежесіне дейін өскен алаштың ардақты азаматы.

 

Б/жаршысы.04/092002. Қ. Ғұсманов.

 

Киянский Виктор Владимирович

 

1947 жылы 20 мамырда Киянский Владимир Фёдорович пен Киянская Анна Егоровна отбасында дүниеге келді. 1965 жылы Ақсай қаласындағы  №1 орта мектепті күміс медальмен бітірген соң Ташкент мемлекеттік университетінің химия факультетін «физик-химик» мамандығы бойынша үздік бітірген (1970).  Осы жылы СССР Қарулы күштерінің қатарына шақырылып, 1972 жылға дейін лейтенант шені болып әскерде болды.  1972 жылдан Орал қаласындағы «Омега» орталық зауыттық прибор жасау зауытының бастығы болып қызмет атқарды. Зауытта қызмет атқара жүріп,  Д.И.Менделеев атындағы Мәскеу химия технологиялық университетінің аспирантурасына оқуға түсіп 1980 жылы бітіреді. Ғылыми  жұмысын қорғап, химия ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.  1983 жылы докторлық диссертациямен жұмфстану үшін 1994 жылға дейін Батыс Қазақстан ауылшаруашылық университеті аға ғылыми қызметкер, химия кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарды. Сол уақытта, 1991-1994 жылдары - ҚР ҰҒА Су-биологиялық проблемалар мәселелер ғылыми орталығы директорының орынбасары, 1996 жылдан - «Сараптама және сертификаттау ұлттық орталығы» АҚ Батыс Қазақстан филиалы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

 

1997 жылдан - ҚР мемлекеттік стандарты сарапшы-аудиторлары Батыс Қазақстан оқыту орталығының жетекшісі.

 

1996-1999 жылдары - сонымен қатар «Евразия» менеджмент және тілдер институтының ғылым женіндегі проректоры.

 

1996-2000 жылдары - БҚО әкімінің ғылым және экология мәселелері бойынша орынбасары.

 

1998-1999 жылдары - ҚР Президентін сайлау кезінде Н.Ә. Назарбаевтың БҚО бойынша сенімді өкілі.

 

2007 жылдың тамыз айынан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

 

ҚР Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылымының депутаты (1994-1995), мемлекеттік тізім бойынша ұсынылған.

 

Қоғамдық қызметі

 

БҚО Қазақстан Халқы кіші ассамблеясы төрағасының орынбасары (1997-2007);

 

Қазақстан Журналистер одағының (1998 жылдан);

 

Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшесі

 

Батыс Қазақстан ҚХКА төрағасының орынбасары (1997-2007).

 

Ғылыми жұмысы

 

Химия ғылымдарының кандидаты (1980). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Потенциометрическое титрование электролитов гальванических ванн».

 

Техника ғылымдарының докторы (1990). Докторлық диссертациясының тақырыбы: «Химические сенсоры в потенциометрии».

 

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық университеті химия кафедрасының профессоры (1991 жылдан).

 

Экология және өмір қауіпсіздігі халықаралық академиясының академигі (Санкт-Петербург қ., 1994 жылдан);

 

Халықаралық экология академиясының ХАЭ академигі (1995 жылдан).

 

«Экология, или Рок Приуралья» (1998), «Евразия. Америка. Качество» (1999), «Прикаспийские экологические ассоциации» (2001), «Менеджмент качества - философия конкурентоспособности» (2005), «Социальный ответственный менеджмент изменений - формула успеха»  (2006), «Этика и психология в менеджменте аудита» (2002), «Управление охраной окружающей среды по ИСО 14001 и интегрирование систем менеджмента» (2007), «Система управления охраной окружающей среды в схемах таблицах и диаграммах» (2002), «Звездные ритмы Сакена Гумарова» (2008), «Стороны, заинтересованные в готовности к будущему» (2003) кітаптарының; экологиялық менеджмент және сараптамалық химия мәселелері бойынша 300-ден астам мақаланың авторы.

 

Химиялық жартылай өткізгішті сенсорлар бойынша 7 авторлық куәліктік иегері (1989-1990).

 

Отбасы

 

Әкесі - Киянский Владимир Федорович, зейнеткер, жұмысшы болған. Анасы - Киянская Анна Егоровна, зейнеткер, жұмысшы болған.

 

Үйленген. Жұбайы - Киянская Ольга Михайловна, зейнеткер, медицина қызметкері. Ұлы - Киянский Станислав, бағдарламашы; қызы - Киянская Оксана, экономист, халықаралық стандарттар бойынша маман.

 

Марапатары

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Достық» орденімен (2002)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Астананың 10 жылдығы» медальдарымен (2008)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Парасат» ордені (2011)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі»

 

 

 

 

 

 

 

Ғалым Құлжанұлы Құдайбергенов

 

Ғалым Құлжанұлы Құдайбергенов 1947 жылы наурызда БҚО, Ақсай қаласында дүниеге келген. 1970 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын Ақмола облысы, Есіл ауданындағы Торғай тәжірибе станциясында аграном болып  бастады. 1979 жылы Целиноград қаласында кондидаттық диссертация қорғады. 1993 жылы Омск қаласында  докторлық диссертация қорғады.

 

1982-1988 жылдары Монголияның Дархан қаласында ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді.

 

1989-1995 жылдары Целиноград облыстық ауыл шаруашылық комитетінің төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары кейін Ақмола облыстық нан өнімдері  бірлестігінің бас директоры болды.

 

50 астам ғылыми еңбектердің авторы. «Почвозащитное земледелие Монголии» (Москва, «Агропромиздат», 1988ж) монографиясы және «Монголия глазами кочевников» (Астана, «Елорда», 2002ж.) кітаптары жарық көрген. СССР және Монголия үкіметі наградалары бар.

 

Камалов Сухан Мақсотұлы

 

Камалов Сухан Мақсотұлы 1935 жылы 21 желтоқсанда БҚО, Казталов ауданы, Асанқұдық  селосында дүниеге келген.

 

1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің геология бөлімін бітіргеннен кейін, ол өз еңбек жолын геологиялық партияда коллектор болудан бастап, ҚР геология және қазба байлықты сақтау комитеті төрағасының орынбасары қызметіне дейін жетеді.

 

1956-1972 жылдары ҚР Геология министрлігінде бас геолог болып жұмыс атқарды.

 

1976-1990 жылдары С.М.Камалов Орал мұнай, газ барлау экспедициясының бас геологы, кейін қайта ұйымдастырылған «Оралмұнайгазгеология» бірлестігінің басшысы қызметін атқарды.

 

1994 жылы ҚР Ұлттық Академиясының корреспондент мүшесіне сайланады., ал 1995 жылы ҚР Инженерлік академиясының академигі болды. Камалов Сухан Максотұлы өз еңбек жолында Мемлекеттік марапаттар: «Қазан Революциясы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, бірінші ашушы ретінде медальдар мен дипломдарға ие болды

 

1999 жылы «Парасат» орденімен, 2001 жылы қалалқ мәслихатының шешімімен «Орал қаласының құрметті азаматы» атағына, 2008 жылы «Барыс» орденімен марапатталды. ҚР ҰҒА академигі, Инженерлік академиясының академигі С.М.Камалов қазіргі уақытқа дейін мұнай-газ саласының халық шаруашылығы ғылыми-техникалық мәселелерін шешуге өз үлесін қосып келеді.