№2 «Аленушка» бөбекжайы

 

1988 жылы іске қосылған. СССР кезінде орыс-болгар құрылысшалары салған. Бөбекжайдың алғашқы меңгеруші- Антипова Л.Н. ұжымды қалыптастыруға көп еңбек етті.

 

 

№3 «Гүлдер» бөбекжайы

 

№3 «Гүлдер» бөбекжайы 1991 жылы салынған. Жеті қазақ, үш орыс тобында барлығы 280 бүлдіршін тәрбиеленуде. Балабақшада мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу үшін барлық жағдай жасалған. Бөбектердің денсаулығын нығайту үшін арнайы спорт зал, скалодром бұрышы және жаттығу құралдары жұмыс жасап тұр. Ұжымда 65 қызметкер еңбек етеді. Педагог-мамандардың 60 пайызы – жоғары санатты.

 

Алтынгүл Шамұратова, Нұрия Жаманова, Мейіргүл Кеңесова, Бақтыгүл Айсағұлова, Үміт Елжанова сынды мамандардың сөзінен жалпы педагогикалық ұжымның «Фребель сыйы», «Дьенеш логикалық блоктары», «Түрлі-түсті Киюзенер таяқшалары», «Зайцев текшелері», «Сиқырлы қалам», «Ақылды балапан» сынды әдістемелік кешендерімен жұмыстанады. Ауданды қойып, облыс көлемінде, халықаралық деңгейде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүрген бөбекжайдың материалдық-техникалық әлеуеті жоғары деңгейде.

 

«Сәбидің тілі – сәбидің саусағында»

 

Музыка жетекшісі Ғалия Нұралиева

 

Бөбекжайдың бассейін залы

 

«Роза» тобының тәрбиешісі

Эльвира Хамитқызы

 

№3 «Гүлдер» Бөбекжай директоры

Гүлбану Хаблоқатқызы.Әмірова

және тәрбиешілері

 

Бөбекжай директоры Гүлбану  Хаблокатқызы.Әмірова өздерінің әр жеткен жетістігін ұжымының ұйымшылдығы мен ауыз бірлігінің арқасы деп біледі. Біздің материалдық мүмкіндігіміз жақсы. Әдістемелік құралдарымыз жеткілікті. 

 

№4 «Айгөлек» бөбекжайы

 

1991 жылы Чехословакияның құрысшылары салған. Алғашқы меңгерушісі болып Нағуманова Ақкенже Иманғали қызы қызмет етті.