Аманжол Ғұсманов

Асыл ер

 

Сонау сұрапыл ауған соғысында қыршынынан қиылып, мезгілсіз гүлдей арамыздан ерте кеткен көптеген боздақтардың бірі – Аманжол Ғұсманов. Ол 1960 жылы Бөрлі ауданы, Бума ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Ғұсмановтар отбасы кейін Жымпиты ауданына қоныс аударады. Аманжол осында білім алып, 1977 жылы он жылдық мектепті бітірді. 1979 жылы көкөк айында Аманжол Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Алғашқыда Венгрияда әскери міндетін атқарып, 1980 жылы Ауғанстандағы интернационалдық борышын өтеуге жіберілді. 39676 әскерибөлімінде мотоатқыштар бөлімінің операторы болған.

 

 «Ер есімі – ел есінде деген, Ауған жеріндегі жауынгерлік қызметі үшін Аманжол Ғұсманов «Ерлігі үшін» медальімен және «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды.