Климаты тым континенттік.

 

Өзендердің барлығы Жайық алабына жатады. Ірі өзендері – Шынғырлау (Утва), Елек өзендері. Ауданды орта тұсынан қақ жара ағатын Шыңғырлау өзені Жайықтың сол саласы саналады. Ауданның солтүстігінен Орал–Елек өзендері, ал орталығынан Утва өзені өтеді.

 

Жайық (Орал) өзені оңтүстікке қарай ағып келе, батысқа қарай бұрыла ағып барып, қайтадан оңтүстікке қарай ағады. Оның бастауы Есенбай деп аталып, Суықсу, Есай т.б. өзендер қосылып, Бестамақ шатқалынан кейін барып Елек өзені деп аталады. Бұл өзен Жайыққа құятын барлық өзендерден ендірек және ағасының жылдамдығы да арта түседі.

 

Аудан жері өзен, сай-жырлармен тілімденген, қыратты, көтеріңкі жазық. Климаты тым континенттік. Жазы ыстық, қысы суық. Қаңтарда ауаның орташа температурасы –15°С, шілдеде 24°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 – 250 мм. Бөрілі ауданының жері шөлейт белдемде жатыр.

 

Аудан аумағынан Жайық, Ақжайық, Елек, Шыңғырлау өзендері ағып өтеді. Жері негізінен қоңыр және сортаң топырақты. Өсімдік негізінен өзен жайылмаларында өседі. Ағаштардан емен, шегіршін, терек, ырғай, т.б. бар. Жануарлардан түлкі, қарсақ, қабан; құстардан дуадақ, безгелдек кездеседі.

 

Шыңғырлау (Утва) өзені Елек өзенінен кішілеу, түбі лайлы, жағасы отты. Көктемде өзенге су көп құйылады. Да, кең жайылады, сондықтан жағасын қалың шөп басқан.  Жайық, Елек өзендері көк шалғындармен және 9590 гектар орман, тоғайлармен қоршалған, өзендері балыққа бай. Ауданның топырағы сортаңды қоңыр, қызыл қоңыр, оңтүстігінде бозғылт-қоңыр боп келеді.

 

 

Өсімдіктері жусан аралас бетеге, боз, селеу, қау, өзен аңғалдарында емен, қарағаш,  шетен, итмұрын өседі.

 

Жануарлардан қасқыр, түлкі, суыр, борсық,  қабан кездеседі.

 

Ауданның жер бедері- Жайық өзеніне қарай еңестей беретін  көтеріңкі келген жазық.Ең биік жері ауданның оңтүстік- шығысында.(263м).

 

Утва өзені Орал облысының шығысындағы Отрадный кентіне жақын маңнан бастау алып, солтүстік-батысқа, Бөрлі кентіне қарай ағады. Өзеннің ұзындығы 300 шақырым шамасында.