Ауданның әкімшілік орталығы – Бөрлі поселкесі 1700 жылы үш өзеннің - Утва, Бөрлі, Орал-құйылысыныңда салынған. Бұл жерде Жетіру, Табын, Тама, Байұлы, Байбақты руларының қыстайтын қыстаулары болған орын, оны тарихи деректерде растайды. Бөрліде жәрмеңкелер өткізіліп, оған Ресейдің орталық губернияларынан саудагерлер келіп тұрған.

 

Бөрлі-Орал өлкетанушылар К.Данилев пен Е.Рудниковтың пікірінше 1927 жылы түріктің «бөрі», «бөрлі жер» деген сөзінен шыққан. Шындығында да, бұл өлкеде тың игеру жұмыстары басталғанға дейін бөрі өте көп болған.

 

Ақсай – қаланың түрікше атауы. Ақсай - қала, Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының орталығы, әкішілік орталығы, темір жол станциясы. Орал қаласынан 140 км жерде, бетеге мен селеу өскен қоңыр қызғылт топырақты, құрғақ дала белдемінде орналасқан. Шыңғырлау өзенінің солтүстік далалық өңірінде орналасқан.

 

Іргесі 1936 жылы Орал - Илецк темір жолын салуына байланысты қаланған. Басында «Қазақстан» болып аталып, бұл кент 1967 жылы қала мәртебесін алып, аты Ақсай болып өзгертілді. 1965 жылдан бастап Бөрлі ауданының орталығы. Қарашығанақ кені игеріле басталуы қала дамуына жаңа қарқын берді. 1980 жылдар бойы Герман Демократиялық Республикасы мен Чехословакиядан құрылысшылар келіп, Қарашығанақта газ өндірісіне қажетті қондырғылар салды. Ақсай да шет қалмай, бірнеше шағын аудан, мектеп, балабақша, ойын-сауық орталықтары салынды.

 

Е.Қойшыбаевтың пікірінше, қазіргі қазақ тілінде «сай» деген сөз «жыра», «жарқабақ», қатты су тасқындары жырып, кеңейтіп кеткен «терең сай, жыра» мағынасын білдіреді.

 

1978 жылы геологтар мұнай газ конденсат кен орнын ашып, оны «Қарашығанақ» деп атап кетті. «Қарашығанақ» сөзі Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданының құрамына кіретін елді мекенінің бұрмалаған атауынан шыққан.

 

Қарашығанақ кен орнының көмірсутек шикізатының байлығына тек қана біздің ел ғана емес, Азия, Еуропа және Америка мемлекеттері де көңілдері бөлінген. Республикамыздың қаржылық ресурстарының аздығына байланысты және жер асты байлықтарын игеруді жеделдету мақсатымен қазіргі кезде шетелдік капитал тартылады, бұл сыртқы экономикалық байланыстарды күшейтеді.

 

Қарашығанақ топоним құрамындағы қара сөзі жер бедерін сипаттау үшін, өзінің тура мағынасында қолданылып отыр.