Волков Филипп Григорьевич

 (1901-1948)

 

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі кентінде 1901 жылы дүниеге келген. Ол 1941 жылы бір топ бөрлілік жерлестерімен бірге Отанын қорғауға аттанды. 1945 жылдың 10 сәуірінде Лонжгот елді мекені үшін шайқас кезінде қоршауға қалған бөлімдердің бекіту мақсатында ентелеп келе жатқан жауды өткізбейге  тапсырма берілді. Бұл тапсырманың, ұрыс операциясының табысты орындалуы маңыздылығын терең түсіне отырып, ол күштері тең келмейтін шайқасқа батыл кірісіп кетті. Әскери тапсырманың орындау кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы  үшін қатардағы гвардия жауынгері Ф.Г.Волковқа Совет Одағының Батыры атағы берілді, Даңқ ордені және көптеген медальдармен марапатталған.