Совет одағының батыры

Тихоненко Андрей Яковлевеч

(1912-1945)

 

Батыс Қазақстан (бұрынғы Орал) облысы, Шынғырлау ауданы, Лубенка кентінде 1912 жылы дүниеге келген. Әскерге 1941 жылдың 24  маусымында шақырылды. Мәскеу түбіндегі шайқасқа, Литваны азат етуге қатысқан. Неман өзенінен шабуылдап өту кезінде жасаған ерлігі үшін қатардағы жауынгер А.Я. Тихоненкоға қаза болған соң Совет Одағының Батыры атағы берілді. Күштері тең келмейтін шайқаста пулеметші Тихоненко соңғы гранатамен өзін қоршаған фашистермен бірге жарылып, жауын құшын өлді. Алитус қаласында жерленген. Туған жерінде батырға арналған ескерткіш орнатылған. А.Я. Тихоненко есімімен Литва жерінде тұтас ұжымдар, пионер отрядтары мен мектептер аталған. Батыр жерлестеріміздің аты Ақсай қаласындағы көшелердің біріне, Батыр оқыған Лубенка орта мектебіне берілген.