Совет одағының батыры

Тарасенко Василий Федорович

(1912-1979)

 

1912 жылы Теректі (қазіргі Бөрлі) ауданында дүниеге келген. Әскерге 1941 жылдың шілдесінде Теркті аудандық әскери комиссариатынан шақырылды. Украина және Белоруссия майдандарында болды. Осы уақытқа дейін инженерлік-саперлық батальонның сержанты В.Тарасенконың есебінде талай даңқты соғыс істері бар-тұғын. Басшылық оның әскери жетістіктерін жоғары бағалап, Қызыл Ту орденімен марапаттады. Оған Днеппрдің оң жағалауына  жаяу әскерді өткізуді қамтамасыз етуге бұйрық берілді. Әскери тапсырманы жанқиярлықпен орындағаны үшін ержүрек саперға Совет Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін ол туған жеріне оралып, Бөрлі ауданының Киров атындағы колхозында тұрды.