Совет одағының батыры

Панфилов Дмитрий иванович

(1913-1985)

 

Батыс Қазақстан (бұрынғы Орал) облысы, Бөрлі ауданы, Бөрлі кентінде 1913 жылдың 15 қазанында дүниеге келген. Соғыстың алғашқы күнінен 1941 жылдың 24 маусымынан бастап Отан қорғауға шақырылды. Өзінің алғашқы ұрысын Брянщинада қабылдады, Мәскеуде қорғады. Көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 1945 жылдың 24 наурызында Совет Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, Қызыл Ту, І жіне ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдарымен марапатталған. 1945 жылдың 24 маусымында Мәскеуде өткен Жеңіс шеруіне қатысты. 1946 жылдан бастапе запастағы лейтенант, Жалал-Абатта тұрып, электр аспаптар зауытында жұмыс істеді. 1985 жылдың 10 желтоқсанында қайтыс болып, Ферганаға жерленген.