Совет одағының батыры

Черненко Николай Власович

 

Батыс Қазақстан (бұрынғы Орал) облысы, Бөрлі ауданы, Успеновка селосында 1924 жылдың 25 желтоқсанында дүниеге келген. Совет Армиясының қатарына 1942 жылы шақырылып, пулемет училищесіне оқыды. Майданға 1942 жылдың желтоқсанында аттанып, Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысты. Орталық және 1-Белоруссия майдандарында болды. 60-гвардиялық кавалериялық Суворов орденді Қызылтулы полкінің пулеметті бөлімшесінің командирі, комсомол мүшесі, гвардия аға сержанты Н.В. Черненко 1945 жылдың 26-28 сәуіріндегі Бранденбург қаласы үшін шайқаста айрықша көзге түсті. Ұлы Отан соғысының соңғы шайқастарында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 1945 жылы 31 мамырда Совет Одағының Батыры атағы берілді. Ленин,  І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдарымен марапатталған.