Аудандық аурухананың іргетасы 1938 жылы  қаланып, сол кезде 45 керуеттік Қазақстан ауруханасы деп аталған. 10 адамға арналған перзентхана, 35 орындық терапевт бөлімшесі болған. Аурухана жанынан емхана және дәріхана жұмыс істеген. Сол жылдары аурухананы Н.Ф. Ростовский басқарған. 1940-1942 жылдары бас дәрігер В.А.Августяк, 1943-1947 жылдары  Н.А.Краснова, 1947-1954 жылдары Ю.А.Подосников кейін Е.А.Назаркина бас дәрігер қызметін атқарды.

 

50-ші жылдары Қазақстан ауруханасында 55 керуетке көбейту есебінен хирургиялық және балалар бөлімшесі ашылып, оны жетекші хирург Н.И.Невгов басқарды.

 

1938-1954 жылдары Қазақстан ауруханасы Саратов теміржол дәрігерлік санитарлық қызметтің қарауында болып, 1954 жылдан бастап дәрігерлік  санитарлық қызмет Орынбор қаласындағы Орынбор теміржолына ауыстырылды. 1960 жылы бұл қызмет Алматы қаласындағы Қазақ теміржолына көшірілді.

 

1965-1977 жылдары Қазақстан стансасындағы Линейный ауруханасын бас дәрігер Ж.Е. Жусупова басқарып, 1978 жылдан бастап дәрігерлік қызмет Ақтөбе қаласындағы Батыс Қазақстан теміржолына ауыстырылады.

 

1977 жылдан бастап бас дәрігер Б.Е.Есекеев болады. Кейін бас дәрігерлер Ж.И.Джумабаев, Б.У.Султанбекова қызмет атқарды.

 

1963 жылы орталық аудандық аурухана ашылып, 1964 жылдың қазан айынан бастап В.Я.Юн 1978 жылға дейін бас дәрігер қызметін атқарды. Содан кейін В.Г.Филоненко, С.В.Филев, Кажигалиев, А.Ф.Гехман, С.С.Арыстанов, М.К. Куянов және Р.М. Жалиевтер басқарады.

 

Денсаулық сақтау саласының негізгі бағыты -  тұрғындарға білікті де мамандырылған медициналық көмек беру.

 

Ғасырдан ғасырға келе жатқан медицина тарихы өте күрделі, бірақ шындығына келгенде денсаулықты сақтаудың ең дұрыс жолы болып табылады.

 

Аудан тұрғындарына селолық дәрігерлік амбулаториялары, фельдшерлік пунктер, стационарлар және адамдарды қабылдайтын емханасы бар аудандық аймақтық медициналық бірлестік емдеу профилактикалық көмек көрсетіледі.

 

Аудандық орталық аурухананың жаңа замануи аппаратурамен жабдықталған ренген кабинеті, реанимация бөлімшесі, стоматогиялық кабинеті бар материалдық-техникалық базасы облыстағы ең үздіктердің қатарында.

 

Жалпы ауданда 551 адам медицина саласында қызмет атқарса, оның 77-сі дәрігерлер, 220 фельдшерлер мен медбикелер болса қалғандары өзге де қызметкерлер. Оның ішінде 36 дәрігер және 120 медициналық қызметкер жоғары және бірінші санатқа ие. Емханада 14 әлеуметтік қызметкер және 5 психолог, оның ішінде 10-ы ауылдағы әлеуметтік қызметкерлер. Ауданда тұрғындар тіркелімінің тізілімі бойынша – 57097 адам, оның ішінде –0-14 жас аралығындағы балалар-15558, жасөспірімдер- 1790, оның ішінде қала тұрғыны — 36843, ауыл тұрғыны-20254 адам. Қала халқына 4 желідегі фельдшерлік жедел жәрдем бригадалары және емхананың жұмыс сағаттарында жедел кезек күттірмейтін бригадасымен қызмет көрсетіледі.

 

Қазіргі таңда аудандық аурухананын басшысы хирургия және денсаулық сақтауды ұйымдастыру бойынша жоғары санатты дәрігер Жұмабек Жәдігерұлы Шайхиев қызмет етуде.

 

 

Султанбекова Бахыт Отарқызы

 

Бақыт Отарқызы 1949 жылы Бөрлі ауданының Бестау ауылында дүниеге келіп, Пугачев орта мектебінің 1967 жылы бітірген. 1969 жылы Ақтөбе қаласындағы медицина институтына оқуға түседі.1975 жылы оқуын бітіргесін, еңбек жолын Ақсай қаласының аудандық орталық ауруханасынан бастайды. 1982 жылы Теміржол ауруханасында бөлім меңгеруші болып қызмет атқарды.1997жылы темір жол ауруханасы орталық ауруханамен бірігіп, содан бері терапия бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етуде.

 

М.Жұмашева  15/06/2002 б/жаршысы

 

 

 

 

 

 

 

«Родина там, где ты вырос, учился и работал…»

 

Валентин Леонтьевич Юн – Ақсай қаласына белгілі құрметті ақсақал, Бөрлі ауданының құрметті азаматы и білікті дәрігер. Ол ата-анасымен бірге Қазақстанға жер аударылған. Ол медицина саласының білгір маманы. Оның Отаны -   Владивосток қаласы. Сучан қаласында орта мектепті тәмәмдап,  Хабароскийдегі  медициналық институтта екі жыл оқып, кейін Қарағанды медициналық институтына ауысты.1962 жылы жолдамамен Шыңғырлау ауданына келді.  Оны Алматы қаласындағы дәрегерлердің біліктілігін артыру институтына  екі айға жіберіліп, кейін Орал қаласына емдеу мәселесі бойынша облыстық денсаулық сақтау саласы меңгерушісінің орынбасары етіп ауыстырды. Жұмыс қызықты болғанымен тұрғын үй мәселесі шешілмеді. Бөрлі райсполкомының  төрайымы  азамат Байбулатовтың шақыруымен Ақсай қаласына келеді. В.Л.Юн аудандық ауруханада 16 жыл бас дәрігер болып қызмет атқарады. 

 

1980 жылы оны облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары етіп тағайындайды. Бір жылдан соң қалалық жедел жәрдемнің бас дәрігері болды.

 

1988 жылдан 1991 жылға дейін В.Л.Юн облыстық аурухананың бас дәрігері, кейін үш жыл облыстық аурухананың операциялықиблогының меңгерушісі болды. 1991 жылы 5 жыл жұмыс жасаған Ақсай қаласына аудандық аурухананың бас дәрігері болып келеді.

 

1996 жылы зейнеткерлікке шығуына байланысты міндетті медициналық сақтандырудың Батыс Қазақстан сақтандыру компаниясының директоры қызметіне ауысып, бір мезгілде экспер  болып қызмет атқарды. 1997 жылы жеке тәжірибесімен айналу үшін «Юн-Жумагалиев» жеке клиникасы  ашты.  40 жыл бұрын Гиппократ антын қабылдаған ол оған берген антына адал.