Димитрово ауылы көк желекке бөленген. Революцияға дейін онда Ниязбек деген бай туған. Ұшы-қиыры жоқ кең далада табын-табын малдары жайылып жатты. Ауыл, өзен – сол тұлғаның атымен аталады. Ауылда қазақтар, болгарлар, орыстар тұрды. Кішкентай ғана жерді өңдеп, оған қара бидай екті. Олар тату өмір сүрді.

 

1929 жылы шаруашылықты ұйымдастыру кезінде «Победа» атты ұжымдық шаруашылық құрылды. Ұжымшардың алғашқы 1930 жылы өте қиын болған: 16 ат, 4 сиыр, ол жылы егін егілмеді. 1931 жылы мемлекет көмегімен, себетін дән беріліп, олар алғаш рет 100 га жерге егін екті. Көктемгі батпақты кешіп, қолмен дән себілді. Ұжымдық шаруашылықтарда үлкен де, бала да таңның атысы мен күннің батысына дейін еңбек етті. Олар жақсы өмірді армандады, соған жету үшін аянбай еңбек етті. Жер кебісімен, 16 шаруа жанұясы ұжымшарда мал тұратын үлкен қора салуға кірісті. Шаруашылық өсе бастады, М.Носков, С.Жарманова, Р.Батеев және т.б.сияқты алғашқы сауыншылар шықты, ұжымшардың алғашқы төрағасы коммунист Андрей Сопов болды.