Бұл жерде қазақ, орыс, татарлар ежелден бірге өмір сүріп келеді. Оған осы жерден кездесетін қазақ мәдениеті мен славян мәдениетінің ескерткіш, мұралары куә. Осы өңірден табылған топырақ астында қалған қорғандар скиф жіне ғұн тайпаларының өмір сүргенінің куәсі. Ауыл маңынан біздің дәуірімізге дейінгі 1-7 ғасырлардағы қорғандар кездеседі.

 

Қарашығанақ, Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда орны болған. Село территориясы қазіргімен салыстырғанда үлкен болған. Қариялардың айтуынша аптасына екі рет – сейсенбі, бейсенбіде – базар өткізілген, село орнында тауар сақтайтын үлкен қойма болған. Ресейден нан, киіз, теріден жасалған бұйымдар, әшекейлер әкелінген. Қазақтар мал бағумен айналысты, жер жыртып, егін егу алғашқы қоныс аударған орыстардан басталды.

 

Аталарымыздың айтуы бойынша Қарашығанақ селосында «Каримский бугор» деген жер аты бар. Ертеректе осы жерде Қазжанов Кәрім деген адам өмір сүрген. Ол шопан болыпты, оның қой мен ешкілері болған. Соғыс кезінде және соғыстан кейінгі ауыр жылдарда, ол әйелдер мен балаларға ешкі сүтін берген. Ешкі сүті үшін Кәрім бугорына барып тұрған, сол кезден бастап осылай аталып кеткен.

 

Округіміз жылдан-жылға өсіп келеді, округ бойынща көптеген жұмыстар атқарылып, жағдайы жыл сайын  жақсарып келеді. Оның ең біріншісі – Республикалық «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша  ауылда су құбыры салынып іске қосылды. Қазіргі таңда ауыл тұрғындары сапалы таза су пайдалануда және барлық әлеуметтік нысандар суға қосылды. Оған қоса жылу орталығына екі қосымша қазандық орнатылды. Осының бәрі ауыл тұрғындарының  жағдайын жақсартты.