Жайық өзені жағасында орналасқан табиғаты тамаша Жарсуат елді мекенінің 300 жылдан астам тарихы бар. Өткен ғасырларда бұл жерде ғұндар, алаңдар, скифтер тайпалары көшіп қонған. Мұны «Қазақстан тарихы» очерктерінен білуге болады. Онда Елек, Шаған, Утва, Орь, Ембі өзендері жағасында көптеген молалар дәлелдейді.

 

1929 жылы «Победа» ұжымдық шаруашылығы пайда болды. Бірінші жылдары өте қиын болған, колхозда 14 жылқы және 4 сиыр ғана болған. 1931 жылы бірінші рет мемлекеттің көмегімен 100 га жерге қолмен егін себілді. Ауылдың үлкені мен кішісі таңнан кешке дейін қоймалардың құрылысымен айналысты. Шаруашылық дами бастады, бірінші сауыншылары ұжымы пайда болды.

 

1933 жылдың күзінде Қарашығанақта тракторшылар курсы ашылды. Осы мектепті «Димитрово» ұжымшарының бірінші басқармасы К.А.Айманов бітірген. Бұл кездері Жарсуат елді мекені көркейіп келе жатқан кезі. 40-қа жақын үй болып, клуб, қоймалар, ғимараттар салына басталды. Мектеп ашылды, онда орыс және украин балалары оқыды, ал қазақ балалары қасындағы жер мектепте оқыды. Бірінші мұғалім В.С.Мязин, ал қазақ мектебінде Имашев алғаш дәріс берді.

 

1940 жылы ауылда 70 үй, ал ұжымдық шаруашылықта 165 адам жұмыс істеді. 1000га жері болды, жақсы өнім ала бастады. 120 ірі қара, 40 шошқа, 500 қой болды.

 

1941 жылы  барлық ер-азаматтар соғысқа аттанды. Барлығы майдан үшін жұмыс жасады, нанмен, киіммен т.б.көмек көрсетті. Халық басына ауыр күндер келіп, соғыс зардабы жас балалардан еңкейген кәріге дейін ауыр жұмыстар жасауға мұқтаж етті.

 

Соғыстан кейін қайта қалпына келтіріле бастады. 1950 жылы үш шаруашылық бірігіп, «Победа» ұжымшарын құрды. Ал Димитров пен Қарашығанақта олардың бөлімдері болды. Уақыт өте келе ауылға еңбек күштері де келе бастады. Еңбек күштерінің келуіне орай ауыл одан сайын өсе бастады. Мектеп, жатақханалар салынды, медпункт, дүкендер ашылды. Бұл кез Г.К.Охотный басқарған кез болатын. Округімізге әкелген даңқы мен еңбегін айтпай кетуге болмайды.

 

Жарсуат селолық округі Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданынның солтүстік бөлігінде Жайық арқылы Ресей Федерациясының Илек ауданымен шекаралас орналасқан. Жалпы аумағы 22973 га жерді және 2014 жылдың 01 қаңтар жайына  халық саны 1600 адамды қамтып отыр, оның 30% қазақтар, 20% орыстар, 18% украиндер, 17% татарлар, 12% мордвиндер және 3% өзге ұлт өкілдерінен тұрады. Округ құрамына екі елдімекен Димитрово және Қарашығанақ ауылдары кіреді, округіміз бойынша бір жалпы білім беретін орта мектебі, екі бастауыш мектебі, бір дәрігерлік амбулатория, екі фельдшерлік пункт, бір мәдениет үйі мен үш кітапханасы бар, сонымен қатар округімізде бір Қазпошта бөлімшесі жұмыс істейді. Жарсуат ауылы бойынша бес дүкен, бір наубайхана, бір дәріхана, бір кафе, бір шаштараз, үш ағаш өңдеу цехтары жұмыс жасайды. Сонымен қатар, округ Ресей Федерациясымен шекаралас орналасқандықтан ауылда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекарашылар заставасы мен «Ақсай» посты орналасқан.

 

Округіміздің басты саласы ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы. Округтегі жеке меншік етуші жеке және заңды тұлға иелері ауылдың, округтің әл – ауқатын көтеруге, әр саладағы іске өз үлестерін қосып келеді. Олар «Барыс» ШҚ – дәнді-дақылдар, күнбағыс егумен, «Евсеевич» ШҚ – дәнді-дақылдар егумен, «Димитрово» ЖШС – дәнді-дақылдар егумен, «Урожай» ШҚ – шөп шабумен, «Литвин» ШҚ – шөп шабумен, «Старица» ШҚ – дәнді-дақыл егумен және  «Жарсуат» ЖШС – мал шаруашылығымен, дәнді-дақыл егумен, ет өнімдерін өндірумен айналысады және жеке наубайханасы бар.

 

Округ әкімшілік аппараты

 

Округ әкімі аппаратының ғимараты 2009 жылы теңгерімге алынып, 2011жылы ағымдық жөндеуден өтті. Сол жылы ескі ғимараттан жаңа ғимаратқа әкім аппараты көшті. Округ әкімшілігі екіге бөлінген, бір жағы әкімшілік қызметкерлерінің жұмыс орыны болса, екінші бөлігі ауылға келген жас мамандарға арналған жатақхана.

 

Әкім аппаратының ғимаратында учаскелік полиция қызметкерінің және «Қазпошта» АҚ-ның қызметкерінің бөлімшесі орналасқан. Әкімшілік жанынан Адагерлер қоғамы, Әйелдер қоғамы, Қоғамдық кеңес, Қоғамдық келісім кеңесі жұмыс жасайды.

 

Жарсуат ауылдық округіндегі білім беру саласы

 

Жарсуат жалпы білім беретін орта мектебі - 1964 жылы салынған, күрделі жөндеуден 2004 жылы КПО бв көмегімен өтті. Мектеп 240 оқушыға арналған және 25 оқушыға арналған мектеп - интернаты бар. Мектебіміз Мектептердегі ұстаздар саны - 33, оның ішінен «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен келген ұстаз саны – біреу.  Оқушылар саны - 153, оның ішінен қазақ сыныбында оқитындар саны – 25 оқушы. Оқушылар мектептен тыс уақыттарын әр түрлі іс-шаралар, кештер, конкурстар, спорттық жарыстарға қатысады.

 

Қарашығанақ негізгі білім беретін мектебі - 1986 жылы салынды, күрделі жөндеуден 2012 жылы КПО бв көмегімен өтті. Жалпы 42 оқушыға арналған, қазір 33 оқушы сапалы білім алып жатыр. Ұзтаздар саны-10.

 

Димитрово бастауыш білім беретін мектебі - 1960 жылы салынған, күрделі жөндеуден 2008 жылы КПО бв көмегімен өтті.15-оқушыға арналған. Мектептер компьютерлермен, телефонмен жабдықталып, интернет жүйесіне қосылған.

 

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу бойынша «Арай» балабақшасы жұмыс жасайды. Жалпы 50 балаға арналған, қазіргі кезде 54 бала тәрбиеленеді. Елбасымен биылғы  Жолдауында атап өткендей, 3 – 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтуды жоспарлау және жаңа балабақша салу үшін қаражат қарастыру немесе жергілікті кәсіпорындардың демеушілік көмегін тарту жоспарлануда. Балабақшада жүйелі түрде үйірмелік жұмыс жүргізеді. Бұл үйірмелердің балалардың жан-жақты, интелектуалды дамуы, денсаулықтарын күшейту үшін маңызы өте зор.

 

Денсаулық саласы

 

Жарсуат ауылында дәрігерлік амбулатория қызметі жұмыс жасайды. Ауыл арасы және аудан орталығымен қатынауын жеңілдету үшін жаңа жедел - жәрдем машинасымен қамтылды. Бұл науқастарға қарай кез келген уақытта құстай ұшуға сақадай-сай тұратын көліктердің жөні бөлек. Жаңа көлік халыққа медициналық қызмет көрсету сапасының жақсаруына қашанда оң ықпал етеді. Жаурсуат ауылы бойынша дәрігер саны -2,   медбикелер саны - 4,   Қарашығанақ және Димитрово ауылыдары фельдшерлік пунктпен қамтылған, бұнда мед.фельдшер саны – 2.  «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, бірден бір басым бағыттың бірі әрбір адамның денсаулығы оның толыққанды тіршілік етуіне ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуметін анықтайтын факторға айналып отыр.

 

Ветеринария саласы

 

Ветеринарлар жұмысын жеңілдету үшін Бөрлі аудандық ветеринария станциясы мекемесімен ветеринар мамандары «Нива» автокөлігімен қамтылды. Бұл округ бойынша Димитрово, Қарашығанақ елді мекендерінің ауыл шаруашылық малдарына уақтылы ветеринариялық іс-шаралар мен мал санағын жүргізуге үлкен көмегін тигізді. Округ бойынша жеке секторда: ірі қара-710, ұсақ мал-450, жылқы-65, шошқа-130, құс-3700, сонымен қатар «Жарсуат» ЖШС-де ірі қара-242, шошқа-2515, жылқы-141 бас тіркелген.

 

Мәдениет саласы

 

250 орындық көрермендер залы бар Жарсуат ауылдық мәдениет үйінің құрылысы 1971 жыл салынған, күрделі жөндеуден 2004 жылы өтті. Құрамында 9 адам жұмыс жасайды. Музыкалық аппаратуралармен жабдықталған. Мәдениет үйінің жанында кітапхана, оқу залы, үйірме жұмыстары үшін бөлмелері, фитнес залы мен дискозалы бар. Өнер саласында әлеуете ән салып, халық әндерін асқақтатып жүрген әжелеріміз бар. Олар «Надежда» хор вокалы. Сонымен қатар «Балалар» және «Жұлдыздар» бишілер тобы бар. Аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар жаппай мәдени шаралар жоғарғы дәрежеде өткізіліп тұрады. Бұл шараларға ауданымыздың бірінші басшылары үнемі қатысып тұрады.

 

Жарсуат ауылдық кітапханасы

 

Кітапхана тағдыры әрқашанда ел тағдырымен тығыз байланысты. Жарсуат ауылдық кітапханасы 25000 кітап қорымен қамтылған. Білімнің әр түрлі саласындағы жаңа басылымдармен толықтырылып тұрады. Халықтың саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайын жоғары көтеру қажет екендігін көрсететін маңызды тезистерді бейнелеген стендтер, көрмелер ұйымдастырылып, папкалар толықтырылып тұрады.