Жері шұрайлы, табиғаты жайлы, жануарлар мен өсімдік әлемі бай Пугачев ауылдық округінің тұрған жері де қатынасқа қолайлы. Ол облыс орталығы Орал қаласынан 140 шақырым, ал аудан орталығы Ақсайдан 7 шақырым қашықтықта ұзын жолдың бойында орналасқан. Округтің ортасынан жарып ағып жатқан Утва өзені ауылды шығыс және батыс бөліктерге бөліп тастаған. Бұдан басқа аумақта Қара оба, Ұлы сай өзендері өтіп жатыр.

 

Пугачев ауылы 1954 жылдың 11 желтоқсанында құрылған. Ол «Пугачев» кеңшары мен «Бөрлі» ет кеңшарының жерлерін біріктірудің нәтижесінде пайда болды. Кейінгісі орналасқан Аралталдың құрамына Бестау және  Бесағаш ауылдары кіретін. Жаңа шаруашылық құру туралы қаулы 1954 жылдың қазан айында қабылданып, алғашқыда «Утвинский» кеңшары деп аталып, кейін «Пугачев» атауына өзгертілді.

 

1954 жылдың 11 желтоқсанында Аралтал ауылына тың игерушілердің алғашқы тобы - 17 адам келді. Жаңа шаруашылыққа басшы болып П.КЕмченко тағайындалса, оның көмекшісі Д.М.Заяц болды. Штатта 17 адамнан басқа А.Монин, Н.Подкойко, И.Ковалев, П.Дорога, Н.Панаев, И.Петрушин, В.Чернобровкин. Н.Наумов, Р.Чудинов т.б адамдар болды.

 

1954 жылы шаруашылықтың хатшысы Н.П.Корякин, сондай-ақ Я.Т.Науменко мен А.Ивановта келді. 1955 жылы Перьм, Ярослав облыстарынан және Рязань облысынан СССР-дің барлық жерінен тың игерушілер келді. Олардың ішінде Т.Бабаева, Н.Мельников, Л.Мельников, Л.Базанова, В.Панченко, А.Кононов, И.Поварницын, А.Поварницын, П.Емельянов, А.Смирнов т.б. болды.

 

Шаруашылықта 15 ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүрді. Келгендердің  көпшілігі әскер қатарынан оралғандар, соғыста болып қайтқандар еді. Бөрлі ауылынан Отан қорғауға аттанғандардың 111-і елге қайтып оралмады, ал тың және тыңайған жерлерді игеруге 100 шақты адам келді. Олар бірінші жылдары жертөлелер мен вагончиктерде тұрды. Ең бірінші баспана Утва өзені жағасында тұрғызылды.   

 

1960 жылдары кеңшар директоры Е.И.Солдатов, агроном В.П.Коломиец (Каз ССР-нің еңбек сіңірген зоотехник), бас экономист П.А.Рудер, парторгтер П.П.Гладышенко болды.1980 жылдары директор П.П.Немировский, бас инженер В.П.Землянов болды. 1963 жылы машина-трактор шеберханасы (меңгерушісі В.Г.Попов) содан кейін дүкендер, асхана, ұстаханалар салынды, кірпіш зауыты жасап тұрды. Халық саны өскен сайын, олардың қажеттіліктері де өсе түсті. Балабақша қажет болды, екі қабатты үйлер, тұрмыстық комбинаты, аурухана, жаңа екі қабатты мектеп салынды.

 

1961,1963 жылдары егіннен рекордттық өнім алынды. Гектарынан 21-23 центнерден келді. 100-ден астам пугачевтіктер Отанымыздың жоғары марапатттарға ие болды. 8 адам ең жоғарғы награда-Ленин орденімен марапатталды. Олар: С.П.Колегов, В.В.Понамарева, П.М.Волков, М.А.Матвиенко, С.И.Кожевников, толығымен жарықтандырылған пән кабинеттерімен, тамашаспорт залымен, кітапханамен, компьютерлік және мультимедиялық сыныптармен қамтамасыз етілді.

 

1990 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатқан мектеп мұражайында (жет.Л.В.Кузьмина) ауылдың тарихы, еңбек адамдары, соғыс ардагерлері туралы деректер жинақталған.

 

2008 жылы ашылған «Ақбота» шағын орталығында бастауыш сынып оқушылары мен 2 балабақша тобында мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер тәрбие алуда. Округте үздіксіз білім беру орталығының, аудандық саз мектебінің филиалдары жұмыс істейді. Кейінгісінде пианино, қобыз сыеыптары, 7 үйірме бар. Аралталда Ақсай бастауыш мектебі, Пугачевте, Аралтал мен Бесағашта кітапхана халыққа қызмет көрсетуде.

 

Кезіндегі аудандағы алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірінен саналған «Пугачев» кеңшарының даңқы облыс, республика көлеміне тараған еді. Ауылдың дамуына зор үлес қосқан Б.Н.Бекбергеновтың еңбегін атап өтуге болады. Бүгінде селолық округтің аумағында 17 ұлттың өкілінен тұратын 2571 адам мекен етеді. 9 ТОО, 41 шаруа қожалығы, бір дәрігерлік амбулатория, екі медициналық пункт жұмыс жасайды. Ауылға 340 телефон нүктесі, 2 таксофон орнатылған. Пугачевтегі 675 үй. Ауылда газ, жарық желісі, су, телефон және ғаламтор жүйесі қосылған. 7 дүкен, тігін ательесі, шаштараз халыққа өз қызметтерін ұсынуда. Жеке тұрғын үй құрылысы қарқындап даму үстінде.