«Ауылым-алтын бесігім» деп білетін халқымыз салт-дәстүріміздің қайнар көзі-ауыл деп білген. Туған елге деген құрмет, туған өлкеге деген маххабат арта түскендей. Еңселі еліміздің көркейіп, гүлденуі осы жусанның иісі бұрқырыаған ауылдан басталмақ. Ауданымызға қарасты ауылдық округтердің әр қайсысының өз ерекшелігі бар. Соның ішінде Приурал ауылдық округі әсем табиғатымен, жайдарлы халқымен көрікті.

 

Жайықтың жағасында орналасқан Приурал ауылында бүгінде 14 ұлт тату- тәтті өмір сүруде. Ел мақтаған спортшылардың мекені қай сала болса да күн санап өсіп, өркендеп келеді. Аудан орталығы Ақсай қаласынан елу шақырым шалғай жатқан Приурал ауылы өзінің әсем табиғатымен, тамыры тереңге тарқан тарихымен ерекшеленеді. Приурал ауылының іргетасы негізінен 1905 жылы қаланған. Украинадан аударылған халықтың келуімен, кейіннен Столыпин реформасы кезеңінде Ресейден шарулардың қоныс аударуымен іргелі ауылға айналған.

 

Тарихта көз жүгіртсек, патша тартқан түсірілгеннен кейін ауылға ақ казактар шабуыл жасаған. 1929 жыл ауылда 1 мамыр атындағы артель құрылды.. Артельде 2 жұп бұқа, 12 жылқы, 2 арба болған. Барлығы 3 көше болған. Ал 1932 жылы гигант колхозы құрылды. Көненің көзі болған қазыналы қарттар ауылдың байырғы тұрғындары. Қиын қыстау кезінде ауылдың гүлденуіне бір кісідей атсалысқан жандар.

 

Ауыл ақсақалдарының сөзіне сүйенсек, 1903 жылы патша украин, молдова, мордва халқына осы жерге келуге бұйырады. Оларды Сарыбала деген бай қарсылап алған. Сарыбала осы жерге қазық қағып, «Өз құдайларының үйлерін салып, Жайыққа дейін ағаш отырғызып, ақ казактардан қорғану үшін үйлеріңе ошақ салыңдар деп бұйырған».  Осылайша Сарыбала байдың көмегімен ауыл құрылған, ал жергілікті қазақтар осыдан жеті шақырым жердегі Жетекші деген жерде тұрған.

 

Бұл өңір ауылшаруашылығы саласы бойынша Бөрлі ауданында алда тұр. Ауылдағы ең ірі қожалық «Орал» жауапкершілігі шектеулі серіктестік. 1999 жылы қиын-қыстау кезеңде іргесі қаланған серіктестік бүгінде егін мен мал шаруашылығымен айналысады. Одан бөлек ауылда құс, ара шаруашылығы, бау-бақша өсіру бақшалығы шаруашылығы да дамуда. «Ахатов» шаруа қожалығы осы ауылдың гүлденуіне үлес қосып отырған іргелі шаруашылық.

 

Приурал ауылы өзінің әсем табиғатынан бөлек, жергілікті жердің спортшыларымен де мақтана алады. Бұл жерде ел  мақтанышы Екатирина Ларионова дүниеге келген. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан Приурал ауылындағы халық бүгінгі жарқын өмірлеріне риза.

 

Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ауыл