Бумакөл ауылы БҚО Бөрлі ауданыа қарайды. Аудан орталығы Ақсай қаласы ауылдан 47 шақырым жерде орналсқан. Село «Облавка», «Красная Утва», «Садақ» артельдерін біріктіруден құралған. Ол кезде Бумада Бумада бір ғана «Садақ» артелі болды. 1935-1936 жылдары Жәнібек селолық кеңесіне қарасты «Садақ» ұжымшары болып аталды. Селода мектеп болмаған, кейінірек бастауыш мектеп салынып, онда екі сынып болды. «Садақ» селосын Бумакөл деп аталды. Бумакөл селолық кеңесі деп аталып, кент орталығына айналды. Маңындағы селолар жақындаса бастады. Ол Утва, Шыңғырлау өзені жағасындағы Бумадан 4 шақырым жерде орналасты, «Облавка» мен «Красная Утва» артелдері ұжымшар бригадасына кірді. 

 

1981 жылы жаңа орта мектеп ашылды. Мектепте 16 сынып пен үлкен спорт залы бар.Бумакөл ауылдық кітапханасы мәдениет үйінде орналасқан. Кітапханада Коваленко Л.И., Дербисова Б.Г., Грицюк Л.И. жұмыс жасаса,  34 жылдан астам уақыт бойы кітапхана меңгерушісі болып на Маймирова М.К. қызмет атқаруда. Кітап қоры -12860 дана, 2680 данасы қазақ тілінде.


2009 жылы 1 қаңтарда Бумакөл ауылында «Жас туристер орталығы» Мемлекеттік қазыналық комуналдық мекемесі Бөрлі аудандық бөлімі құрылды.

 

2002 жылы ауылға газ жүргізіліп, 2009 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында орталықтан су жүргізді.