Қазіргі Ақсу ауылы бұрынғы «Ақсу» колхозының орнына «Ақсу» астық өсіру кеңшары ретінде 1954 жылы қаланған. Жайықтың сол саласы Шыңғырлау өзенінің  жағалауындағы  қамыс, құрақ аралас бетенеге, сұлыбас, т.б. әртүрлі астық тұқымдас  шөптесін  өскен шалғынды-қоңыр, қызыл-қоңыр топырақты құрғақ далалық белдемде орналасқан. Елді мекен солтүстік-шығысында «Миргород» совхозымен, оңтүстік-батысында «Хлебороб» колхозымен, батысында «Киров» атындағы колхозбен шекаралас орналасқан.  Совхоз болып құрылған жылы оның қарамағында 34224 га жер бекітіліп берілген. Ақсу ауылы облыс орталығынан 150 шақырым, аудан орталығынан  32 шақырым  қашықтықта орналасқан.

 

1954-1955 жылдары тың игерушілер келуімен аулымызда жаңа кезең басталды. Бұрынғы ауыл тұрғындарын мал-жандарымен бірге көшіру қарқыны басталды. Жан-жақтан әр түрлі ұлт өкілдері ағылып келе бастады Олардың ішінде орыс, украин, башқұрт, молдаван т.б ұлт өкілдері болды. Тың игерушілердің келуімен жаңа құрылыстар пайда болып, егістік  жерлер  ұлғайды. Үйлер мен әлеуметтік нысандар бой көтерді. Сол жылдары Душменов, Қазымбаев, Есалиев сында азаматтар басқарма болып қызмет атқарған.

 

1976 жылдың 1 қаңтарына  совхозда 1680 адам тұрды. Соның ішінде еңбекке жарамды тұрғындар саны 810 адам болды. Сол жылдары совхоз тұрғындары 3-бөлімшеге бөлінді. Соның 96 адам №1 бөлімшеде (Ворошиловка) тұрса,  270 адам №3 бөлімшеде (Жаңақоныс)  тұрды. Қалған 1314 адам Ақсу совхозы орталығында тұрды.

 

1976 жылдың 1 қаңтарына жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша совхоз бойынша 3-дүкен, 2-клуб, 2-мектеп, 1-балабақша, 3-монша болған. 1976 жылдың 1 қаңтарына совхозда 4130 бас ірі қара, 10 000 бас қой, 180 бас жылқы малы есепке алынған.

 

Ақсу ауылдық кітапханасының  алғаш  есік  ашқан  жылы -1958 жылы. Тұңғыш кітапханашылар В.У.Громова, А.Хасанова, З.С.Кульпейсова, М.М.Алиханова болды.

 

Қазіргі таңда Ақсу ауылында орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, дәрігерлік амбулатория, жас мамандарға арналған жатақхана бар.

 

байланысы, №37 Өрт сөндіру бөлімшесі қызмет көрсетеді. 

 

 

Утепбергенов Гарифола Тулепович

 

Ақсу ауылдық округінің әкімі  қызметін атқаруда.