Қазіргі Ақбұлақ ауылының іргесін сонау 1747 жылы Сыр бойынан қоныс аударғандар қалап, Алғабас деп атаған екен. Сайын далада мыңғыртып мал өсіріп, төрт түлекті көбейтіп, күн кешкен жандар туралы бүгінде толымды деректер жоқтың қасы. Ал Миргородка – 1908 жылы Украинадан жер ауып келген 300 үйлі мұжықтардың қойған атауы. Олардың келумен мал бағумен жан баққан байырғы қазақтардың тұрмысына бумен және желмен жүретін диірмендер енді. Жергілікті халық пен келушілердің арасында достық қарым – қатынастар орнады.

 

Ағындап айлар, жылжып жылдар өтіп, тарих дөңгелегі өз кезегімен айналып жатты. Тату – тәтті өмір кешіп жатқан тұрғындардың мамыражай тірлігін Бірінші дүниежүзілік соғыс, Азамат соғысы бұзды. Ауылдық округ көлеміндегі бауырластар зираты сол жылдардың тілсіз куәсі іспеттеніп, көп сырды бүгіп жатыр.

 

Азамат соғысынан кейінгі 1921-1922 жылдары халықтың көбі ашаршылықтан, обадан көз жұмды. Сөйтіп, осы кезеңдері ауылдағы халық саны айтарлықтай азайып қалды. 1922 жылы еліміз бойынша жаңа экономикалық саясаттың енгізілуі жағдайдың біршама тұрақталуына себеп болды. 1929 жылы Алғабас ауылының ішінде «Алғабас» кеңшары, ал 1930 жылы украиндық қоныстанушылар орын тепкен Миргородкада «Свет» ұжымшары құрылды. Соңғысының төрағасы боп ел арасында сый–құрметке бөленіп жүрген Донбасстан келген алдыңғы қатарлы шахтер А.В.Солов, ал ауылдық кеңес төрағалығына Я.Беленьский тағайындалды. Ұжым боп біріккен шаруашылықтарға трактор, комбайн, басқа да ауылшаруашылық техникалары келіп, еңбек  майданы қыза түсті. Пошта мен жинақ кассасы, кітапхана, ересектер үшін сауатсыздық жою мектебі ашылды. Өзгерістер мен жаңалықтарды қуана қабылдап, көңілдері жайлана түскен еді. Кенет 1941 жылы Ұлы Отан соғысының басталғандығы туралы суық хабар бақыттың базарын кешіп жатқан жұрттың басына ашық күнде найзағай ойнап, жай түскендей әсер етті.

 

Екі ауылдан ел қорғауға аттанған ер–азаматтардың қырыққа жуығы қанқұйлы жаумен кескілескен ұрыстарда қасық қанын қиып, туған жерге оралмады.

 

Ауылдан Ұлы Отан соғысына аттанып, аман-есен елге оралып, өмірлерінің соңына дейін ауылдың әр саласында еңбек еткен ардагерлер.

 

Назаров.Қ

 

 

Жауканов.Х

Көбеев.Е

 

Казманов.Ж

 

Кушаев.А

 

 

Ивашкин.В

 

Лукпанов.Т

 

Джанзаков.Х

 

 

 

Кареев. Т

 

Нығметов.М

 

Нуржанов.Р

 

Габбасов.Б

 

Жумалиев.Қ

 

Сеитова.С

 

Газизова. А

 

Искалиева.А

 

Барлыбаев.А

 

Мурзалиева.С

 

 

Мектеп – білімнің іргетасы

 

Кеңес заманы кезінде Ақбұлақ  ауылында  10 сынып қазақша, 10 сынып орысша типтік мектеп жұмыс жасады. Заман өзгеріп,  өзге ұлттардың жаппай көшіп кетуіне байланысты орысша сыныптар жабылды.  Қазіргі таңда Ақбұлақ мемлекеттік білім беретін мектеп бала–бақша кешені  11 сыныптық қазақша білім беретін мектеп болып жаңартылды.